0 дауыс
12.1k көрілді

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
оппазиция емес,оппозиция...

Ал енді жауап берейік:

Көпшіліктің пікіріне немесе басым пікірге қарсы шығушы белгілі бір топ немесе партия. Саяси өмірде Оппозиция билік жүйесі қызметінде көрініс таппаған мүдделер мен құндылықтарды білдіруді мақсат етеді. Оппозиция халықтың наразылық белсенділігін білдіріп, оны топтастырады, биліктің әрекетіне қарсы тұратын немесе оны ретке келтіретін талаптарды тұжырымдайды. Оппозицияның кез келген тұрпатының басты сипаты оның топтасуы, ұйымдасуы мен бұқаралық деңгейі, наразылық білдірудің заңды әдістеріне қатынасы болып табылады. Үкіметтің мақсаттары мен құндылықтарына адалдығы деңгейі бойынша үкіметтік бағыттағы, бейтарап және келісімге келмейтін Оппозиция болады. Саяси күш ретіндегі Оппозицияның стратегиялық міндеті – өркениетті демократиялық әдістермен, құрылымдық баламалы бағдарламаларды әзірлеу жолымен саяси билікке жету. Мұндай Оппозиция қоғамды тұрақтандыруды мақсат етіп, әр түрлі саяси күштердің ымыраға келуін көздейді. Сонымен бірге Оппозиция қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыратын фактор ретінде алға шығуы мүмкін. Саяси қызметі экстремистік сипатта болатын Оппозиция билік үшін саяси күресте қарлысаласын жойып жіберуге дейін баратын төтенше шаралар мен зорлық әдістерін ұстанып, мемлекет пен қоғамның дамуына кері әсер етуі мүмкін.
Жалпы, пікіріңізге рахмет! Негізі жоғарыда оппозиция деп жазылған төменде шынымен де а болып кетіпті, айып етпеңіздер!:))
Wikipedia сайтынан көшіріп жауап беруді қойыңдар!!!!
+3 дауыс
Оппазиция деген өзімнің пікірім бойынша- ол үкіметтегі дұрыс орындалмай жатқан жерлерін айту.  Мысалы: 2 партияның жұмысы деп айтуға болады. Қазақстанда бірақ  1 партия қалғандары қуыршақ. Адамдар митингпен шатастырады. Митинг ол көтеріліс жасау. Ақтаудағы сияқты. Қате болса кешіріңдер.
Митинг көтеріліс жасау емес! Ол жерде адамдар өздерінің ұсыныстарын айтады! Егер көтеріліс болса, онда еуропа елдерінде аптасына бір рет болғаны ғо сонда))
+1 дауыс
Юзер қолданушы жақсы-ақ жазып кеткен екен, бірақ өз пікірімді айтып кетейін. Қазақстанда сауатты, жақсы оппозиция болып көрген емес, қуыршақ партилар немесе "Аттандап" шабатындар ғана бар. Біздің оппозициялық газеттерді оқып қарасаң үкіметті басы-көзі жоқ жамандап жатырады, ешқандай нақты дәлелі жоқ.
Бұл пікірге келіспеймін. Газетті айтпағанда күнделікті өміріңде келеңсіздіктер кездесіп жатыр ғой,оны жасырғанмен біреу бірнәрсесін бере ме? "Свобода слованы"оқысаң,немесе Ютабтан К+ бағдарламасын көрсең бәрін де шырылдатып айтып жатады.Қажет десең жоғарғы басшылардың,/біріншінің де/ телефон әңгімелерін тыңдауыңа болады.Әңгімелерінде "ел,халық" деген бір түйір сөз жоқ қой сабаздардың.Оның есесіне "кеше көп сілтеп қойыппыз,ешкімге зияным тимеді ме", ойнастарына"қазір келіп кет пәлен жерге т.б." бос сөздері жетеді.Осыдан-ақ ой түйе бер.
Белгісіз
+1 дауыс
Кыскаша  айтканда   билік  жүйесіне,  укіметке   карсы шығу деп тусінемін
...