+1 дауыс
4.2k көрілді

Қазақ тілі және Әдебиеті пәнінен олимпиаданың екінші кезеңінде қандай шығармалар тақырыбы келуі мүмкін?(9-сынып)Былтыр қатысқандар.Айтып жібересіздер ме?

!)Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.

Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

    «Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға.
    Тоя ма адама көзі мың-мың санға?
    Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
    Өлсе тояр, көзге қүм қүйылганда.
    Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
    Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
    Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
    Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді.

Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.

    Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
    Македония шаһары - оған мекен.
    Филипп патша баласы, ер көңілді,
    Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
    Филипп өлді, Ескендір патша болды,
    Жасы әрең жиырма бірге толды.
    Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

4 жауап

0 дауыс

Сұрағыңызды нақтыласаңызшы.Қандай олимпиада екенін атап өтіңіз (аудандық,обылыстық,аймақтық) дегендей

+2 дауыс

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен екінші кезеңде шығарма жазбайсыз, эссе жазасыз)

Осы жылы аудандық олимпиадаға қатысқандар бар ма? 9-ыншы сыныптан
...