+1 дауыс
2.1k көрілді

Құрылыс саласында, соның ішінде ағаш шебері боп жұмыс жасайтын танысым қызметтік емтихан тапсырмақшы. Емтихан өмірде мүлдем қолданылмайтын түсініксіз қазақша терминдерге толы. Емтихан сұрақтарынан мысал келтірейін. Білсеңіздер осы терминдердің орысша баламаларын жаза кетсеңіздер. Сұрақтың жауабын білсеңіздер, тіпті жақсы болар еді.

1) Аражабындар жасау кезінде ғанышкартон тақталары қандай құрылымға бекітіледі?

2) Еденкемердің түрлері және оны орнату.

3) Жұмсақ шатырлар дара материалдардан жасалған 2 еңісті шатырлар қандай құжатпен анықталады.

4) Қандай ағаш жамылғылары бар?

 

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Идиотский аудармалар екен, 

Аражабындар - перегородка, ғанышкатон - гипсокартон, еденкемер - паркет

ағаш жамылғылар - половые покрытие болуы керек

Жауаптарын нақты білмеймін,ол ағаш шеберіне түсінікті болуы керек, мен анық білмедім, құрылыс материалдарының аттарын шатастырам

 

Жұмсақ шатыр - кровля дегендері болса керек, 2 еңісті - двухслойный (оның қандай құжатпен анықталатынын білмедім) танысыңызға аудармасын айтсаңыз біліп қалар
0 дауыс
Аражабын - плита перекрытия

еденкемер - плинтус

Жұмсақ шатыр - мягкая кровля (рубероид мастика тб материалдар)

еңіс - скат, уклон. 2еңісті - двухскатная кровля

ағаш жамылғылар - паркет (аудармасада болады)

*кейбір халықаралық терминдерді аудармай қалдыра берсе болады. заманға сай дамып отыру керек.
...