+3 дауыс
3.7k көрілді

Маған  "атты суыту" - деген не екенін түсіндіріп беріңізші...

Мына сұрақты дұрыстап өңдеп жіберсеңдерші белсенділер , аты суыту емес "атты суыту" деп

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Атам атты былай суытады: алыс жолдан мініп келгенде ат бусанып, терлеп тұрады. Келе сала бірден суға ұмтылады, бірақ су ішкізбейді атам. Ауыздығын, ерін алып , егарын алып та , жабуын қалдырып шөп жегізбей , басын сәл бостау етіп байлап қояды. Ат тері әбден кепті ау дегенде , демі басылды ау дегенде барып тоқымын алып сыртқа шығарады.
Керемет жауап
+3 дауыс

Тікелей мағынасында:

Шауып келген бәйге аттарын демалдыру үшін, әдейі жай жүріспен демалдырады (бірден тоқтата қоймайды), бірті-бірте жаймен жүріп тоқтатады

Адамдарға айтылатын мағынасында (ауысалы): 

Адамның ашуын басу, жайлап айтып тоқтату (сондай мағынада) 

Атты осылай суытады. Аяң жүріспен ұзақ жүргізеді суығанша. "Атты қыдырту" деп те айтылады.
Белгісіз
+2 дауыс

Адамдарға қатысты: алыс жолдан машинамен келгенде, "демалып алу" деген мағнада.

...