+1 дауыс
723 көрілді
Осы сайтта бір сұраққа жауап беруде,Эинштейн екеуіміздің арамызда пікір алшақтығы туып қалды.Мен ЗЫЙАН деп жазып едім,ол ЗИЯН емес па дейді.Төрелігін сайт қолданушылары сіздер айтсаңыздар.

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
"Зыйан" деп жазғаның - тіліміздің үндестік заңына сәйкес, өте дұрыс. Біздің үндестік заңымызды ескермей, орыс алфавитінің заңына бағындырып қойған, сондықтан, казіргі кезде "зиян" деп жазып жүрміз. Бұл дұрыс емес негізі. Бұрынғы 40-50ж. кітаптарда "сыйыр" деп жазылушы еді, қазіргі жазуда "сиыр" деп жазылып жүр.
+4 дауыс
Үндестік заң дегенді білмеймін.
ЗИЯН деп жазылады.
+5 дауыс
ЗИЯН деген дұрыс. Зыйан деп біздің сыныптағы үнемі екілік алып жүретін бір оқушы жазатын.
Шын ба???
Ия да, енді ондай нәрсені ойдан шығармаймын ғой.
Зыйан дегеніне қарағанда Jakо-да кезінде екілік алған адам сияқтығо))) :D
+3 дауыс
Зиян деп жазылады!
...................................................................................................
Зиян- деген  сөз,орыстардың "Изьян"-деген сөзіне ұқсап кетпей ме?...
Жоқ ұқсамайды, мағыналары да әр-түрлі сөздерғо!
Мағанасы жағынан ұқсамауы әбден мүмкін,бірақ үндестік жағынан...,мен өзімдікі дұрыс деуден аулақпын,біліп алсам деген ниет қой.
+1 дауыс
Зиян деп жазылады!!!!!!!!!!!! Ал ЗЫЙАН деген не ол? Мұндай сұрақта болады екен?!
мұндай жауапта болады екен?!
хеххеххехехе (headbang)
+5 дауыс
Қазақ тілінде екі дыбыстың қосылуынан туатын әріптер бар олар Я(йа) мен Ю(йу). Сөздерді жазғанда қолданылғанмен айтылғанда қолданылмайды. мысалы: дұрыс жазылуы "*қоян*" ал айтылғанда "*қойан*" немесе жазылуы "*ою*" айтылғанда "*ойу*"
Жантуған,бұл төртінші сыныптың баласының жауабы ғой,мен кириллицаға лайықталған синтаксистік сөз құрылымын емес,қазақтың ұлттық үндестік заңдылығына лайықты грамматика туралы айтқым келіп еді.Байқаймын бұған әлі ертерек екен.
Мен сені түсініп отырмын, ойың дұрыс.
Жако кезінде мектепте сабақ оқымай сабақтан қашып жүргенің білініп қалды. Бұл төртінші сынып емес, 8-ші сыныптың программасы. Жантұғанға 40 пайыз келісем
Оның рас енді сабақ оқып жетістірген жоқпын,Той тойлап,төбелес қуып жүрдік қой.
+5 дауыс
Зиян деген дұрыс шығар....себебі бізді мектеп кезінен  бері солай жазып үйреткен болатын....
Негізі Диктант болған жағдайда Зиян деп жазамын
Белгісіз
+1 дауыс
Не деп ундестiк пундестiк деп басты катырып кеттiндер? Арине З И Я Н боп жазылады. Казак тiлi адебиет, газет окымагансын ба озiн?
Мәдениетті жазып үйренеміз...Бұл сіздің бұрын тіркеліп жүрген "а" десе "б" деп жауап қайтаратын сайтыңыз емес қазақ тіліндегі сайт...Мұнда әрбір адамның жеке пікір айтуға құқы бар,бірақ дөрекі түрде емес...
+5 дауыс
"Зиян" деп жазылады әрине кириллициямен , бірақ ертең латын қаріпіне көшсек "зиан" деп жазуға тура келеді. Бұрынғы А.Байтұрсынұлының Төте жазу альфавиті де солай, сол кездегі газеттерді оқып қарасаңыздар араб қаріптерімен зиан деп жазылады.
+2 дауыс
әрине зиян болып жазылады ғоооооооо:):):):):):):)
...