+2 дауыс
8.8k көрілді

Сіз театрға барғанды жақсы көресіз бе? Одан қандай әсер аласыз?

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен театрға барғанды ұнатамын, қолым бос болған кезде жексенбі күні барып тұрамын. Мен спектакльді көргенде, жүрегімді қуаныш билейді. Жаңа әсер аламын. Сол кейіпкердің мұң-қайғысын, бақытын бірге сезінемін. Өзіңнің жалғыз емес екенімді, басқа адамдардың да сезімдері барын түсінемін. Менің театрдан алған әсерімді бір-екі сөйлеммен түсіндіре алмаспын. Театр-ол өмір айнасы деп ойлаймын.

Сірә сіз әртіс болатын шығарсыз, тамаша өнер түсінгендерге.
Олай емес, өзім өнерге жоқ адаммын. Бірақ талантты адамдарға қызығамын.
0 дауыс

Соңғы рет мектепте оқып жүргенде барғанмын ))) Оның өзі апайлар бар бар деген соң. Әсер аласың жалпы, жаман зат болса соларды қайталамауға т.с.с

–1 дауыс

Мен өз басым театрға барғым келмейді.Ешқашан тетарға барып көрпеппін.

Егр бір рет барып көрсеңіз театрды ұнатып  қалатыңызға сенімдімін (барып көрмесеңіз қалай кесіп айтасыз), менің алғаш көргенім Исабековтың "Әпкесі" (қойған режиссерін ұмыттым) өте қатты әсер алдым
0 дауыс

Театрға барғанды аса ұнатпаймын..... Кейде  қызықсыз  спектакльдерде ұйқым келіп кетеді((( 

"Мәдениетке жоқпын, өнерді сыйламаймын!" (с) купи
отвали.............
0 дауыс

Осыдан 40 жыл бұрын бір байқамай барып қалып "Ботагөз"спектаклін орысша көргенім бар,содан соң тегі бір жол түспеді.

0 дауыс
Театрға мектебімізден жиі апарып тұрады. Ал алатын әсерге келетін болсақ ол қойылымға байланысты. Екі рет 16-желтоқсан қарсаңына орай көрініс тамашалағанбыз, және премьераға бардық. алған әсеріміз мол. Рухани байыдық деуге де болады...
0 дауыс

Мен  театрға барғанды  ұнатпаймын

0 дауыс

Осы жылға дейін театрға барып көрмеппін және барғанды ұнатпаймын.

0 дауыс
Шынымды айтсам театрға бірде бір рет бармаппын. Театрға баруғада аса бір қызығушылығымда жоқ.
0 дауыс
Театрға жиі барам деп айта алмаймын. Бірақ барған сайын терең әсер алып қайтам. Драматургия саласы, шүкір, халықтың көңілінен шығады.  Сосын тағы мынадай ой келеді." А.... Біздің телехикаялар неге біртүрлі десем, актерлер театр сахнасымен бірдей ойнайды екен ғой" деген...  Театр актерінің жалақысын көбейтіп, телекомпанияға жалтақтамайтындай етейікші!!! Ал телехикая, кино актерлері жеке даярланса жақсы болар еді... Әйтпесе, сериалдағы актерлердің реакциясына қарасаң, "соңғы қатардағыдар байқамай қалмасын" дегендей тым әсірелеп жібереді))))
0 дауыс

Көп бармаймын) Елдер жақсы спектакл шығыпты деп жатқанында барып едім,кем дегенде 5-6 рет барыппын.Астана қаласындағы Жастар театрының"Көзіме бір көрінсең бала ғашық "(Б.Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасынан желісімен көрсетілген )деген сахналық повестін көргем ең соңғы рет.Өзім сондай мюзиклдарды жақсы көремін.Соны көргенде барлық болып жатқан әсерді жүрегіммен, жүрек арқылы өткізіп барып әсер аламын, рахаттанамын) Осыдан кейін сол театр ұнап қалды  Әділ Ахметов, Дәурен Сарғазин, Жандәулет Батай сынды актерлар сол театрдың белді тұлғалары .

Деректер : Қысқаша үзінді , Толық нұсқасы

...