Самұрық, қыран, бүркіт, сұңқар, ақсұңқар сөздерінің мағынасы бір ме?

0 дауыс
14.4k қаралым

Самұрық, қыран, бүркіт, сұңқар, ақсұңқар сөздерінің мағынасы бір ме? Қайсы сөздерді синонимдік қатар ретінде алуға болады? 

Жануарлар

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Самұрық - қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс . Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады.Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады .

Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды

Бүркіт - (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1-2 жұмыртқа табады.

Сұңқар-Қазақстанда кең тараған құстардың бірі. Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көп сәттерде тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшері басып, балапан шығарады.

Ақ сұңқар (лат. Falco rusticolus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды. Қазір Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінде үш ақ сұңқар бар.

Алған жеріңе сілтемелеп кет.
Синонимдерін де жазып кет, егер білсең.
Сұраққа  толық жауап беріп тұрған жоқсың.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы