0 дауыс
Ақын апамыз туралы мағұлматтар муражайға керек.
04.10.2011 718 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Тұрсынхан Әбдірахманова — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кеніш поселкесінде дүниеге келген. Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.
Шығармаларының жинақтары

«Ән» (1959).
«Әннен әнге» (1962).
«Танисыз ба бұларды» (1963).
«Шырқау» (1966).
«Көгершін көңіл» (1968).
«Кілт» (1972).
«Мерей» (1981).
«Наз көңіл» (1984).
«Ақшам» (1987).
«Сыр бөлісемін» (1992).
1992 жылы екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.[4]
04.10.2011

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы