Сәлеметсіздер! Тұрсынхан Әбдірахманова апамыздың туыс-туғанын танисыздар ма? Білсеңіздер мекежайын берсеңіздер.

0 дауыс
667 қаралым
Ақын апамыз туралы мағұлматтар муражайға керек.
• Санаты: Кітап, Әдебиет

1 жауап

0 дауыс
Тұрсынхан Әбдірахманова — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кеніш поселкесінде дүниеге келген. Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.
Шығармаларының жинақтары

«Ән» (1959).
«Әннен әнге» (1962).
«Танисыз ба бұларды» (1963).
«Шырқау» (1966).
«Көгершін көңіл» (1968).
«Кілт» (1972).
«Мерей» (1981).
«Наз көңіл» (1984).
«Ақшам» (1987).
«Сыр бөлісемін» (1992).
1992 жылы екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.[4]

Ұқсас сұрақтар

127,809 сұрақ
322,405 жауап
153,154 пікір
72,845 қолданушы