+2 дауыс
549 көрілді

Достар, көп адамдар біреулер оны мақтаса шектен тыс қызаруымен немесе шектен тыс мақтаншақтығымен көзге жаман түсіп қалады. Ал сіз сондай жағдайда не істейсіз? Ой бөлісіңіздер.......

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Дұрыс мақтап жатса қызарып тұра беремін немесе кетіп қаламын. Асырып жіберсе қарсылық көрсетемін. Шектен тыс асырса бетіне басып тастаймын.

Мақтаған да жақсы: адам одан ынталанады, құлшынысы артады, көңіл-күйі көтеріледі. Тек сол мақтаудың арты жақсылыққа ұласса болғаны.

+2 дауыс
Менің ойымша мақтағанды ұнатпайтын адам жоқ шығар сірә. Бірақ әркім өзінше қабылдайды. Бірі үнсіз жымиып тұрса, біреуі білсін деп қосымша мәліметтерді айтып кетеді. Мен осы өмірде бір адамды кездестірдім, оның бойындағы адамгершілікке шынымен де тәнті болдым. Ол бірде сыныптастарымен бір(дұрыс жақтары, қателіктері,сұрақтары) ойын ойнағанда оны мақтағанда жылап жібергенін айтқан. Міне осындай да реакциялар болады екен. Жалпы мақтап не комплимент айтып тұру өте жағымды. Не дегенмен орынды жерде айтылса игі болар еді...
+3 дауыс
Жасы үлкен апай -ағайлар орнымен мақтап жатса , жымиып күліп сыпайылық сақтауға тырысам. Ал достардың алдындағы мақтау есіту бір түрлі. Барып тұрған жасандылық сияқты. Абай атамыздың бір өлеңі бар емес пе -:Сенбе жұртқа , тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен , өзіңді алып шығар деп басталатын. "Барлық мақтаулар бүкіл әлемнің раббысы Аллаға тән". Хазреті Әли (р.а.) өзі мақталған кезде: «Ей, Алла, олардың білмейтін нәрселері үшін мені кешіре гөр, олардың мақтағандары үшін мені жазалай көрме, және мені олардың ойлағандарынан да, артық қыла гөр» деп дұға еткен.
0 дауыс

унатпаймын мактаганды кателігім болса бетіме басып ашык айтканды жаксы корем

0 дауыс
Адам болып жаралған соң, басқалардың назар аударғаны керек-ақ. Табиғи қажеттілік қой. Назарлар арқылы адам дамиды. Бірақ, назарды да типке бөліп қараса, оның ішінде мақтау да бар екен. Мақтауды тағы да типтерге бөлсе, оның ішінде әзіл, ренжу, жақсы, жақсы емес мақтау түрлері де бар. Жалпы, мақтаудың мақсатына назар аудару керек. Жақсы сөздер шығып жатқанымен фактический, оның астарында психологиялық тұрғыдан адамды әлсірететін, қатайтатын, ұялтатын, ұялтпайтын форматымен ұсынылады. Бұл туралы жаман сөздерге қатысты да айтуға болады.

 

Мақтау айтылып жатқанда, ол кімге қаратып айтылып жатыр, оны қандай адам айтып жатыр, осыны назарда ұстап, мақтаудың себебін анықтау керек. Есімі есімде жоқ, ағылшын фельдмаршалының мынадай сөзі бар:

"Кімде кім парызын орындап жүрген адамды мақтаса, оны мазақтағанмен тең!"

 

Расында, әрекетті мадақ үшін істемейміз, әділ адамдар өз ойларын таза, салмақты, ойында сенім мен жақсылық тілеу мақсатында жеңіл психологиялық настроймен адамға нагрузка (ұялту, қысылту т.с.с.) түсірмей, әділін қарапайым тілмен айтып жатады. Әрине, ондай көпті білетін, жауапты әділ адамдардан мақтау форматындағы мотивация сыйлайтын ізгі ниеттегі сөздерді естіп жүру жақсы. Бірақ, бұл жақсының қадірін қашыратын айтушылар көптігі өкінішті дегеннен басқа айтар жоқ.
0 дауыс
Төзiмдiлiкпенен ұялмай тұрасың
0 дауыс
Мен қызарып тұрамын немес кетіп қаламын.Ыңғайсыз күйде боламын

Ұқсас сұрақтар

...