+1 дауыс
547 көрілді
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея, Түріктер мен Күрдтер бұл елдер неге бір-бірін жек көреді?!Тағы жаулығы бітпей жүрген қандай мемлекеттерді білесіз? Бұл елдердің өшпенділігі неден басталған?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Үндістан Ұлыбритания 1947жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемлекетке (доминионға) бөлу ісін қарастырды. Бірі үнді одағы (бір топ провинциялар және князьдіктер) Бұл елде халықтың көпшілігі үнділер біраз мұсылмандар да бар. Екіншісі Пәкістан оған мұсылмандары басым бірнеше провинциялар мен князьдіктер кірді, бірақ үнділер де жеткілікті болды. 2.Гибралтар мекені үшін Испания мен Англия арасындағы талас әлі күнге дейін шиеленіскен күйде. 3. Палестина Арабтардың Палестина мәселесі маңызды орын алып келеді. 1947жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың Палестина мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Арабтар бұл шешімді бірден мойындамады. 1948жылы 15мамырда Израиль ресми түрде жарияланды. Сол сағатта арабтар соғыс жариялады. Басында арабтар күші басым болып, Израильді тықсырды. Еврейлер уақытша бітім сұрап жалғасқан соғыста Израиль арабтарға ойсырата соққы беріп Палестинаға ұйғарылған жердің 6,7мың км² жерді тартып алды. 750мың Палестина арабтары жерін тастап, кетті. Олардың көбі Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында шоғырланып жерсіз, жұмыссыз мүсәпір күй кешті. Сөйтіп, бітіспес дауға ұласқан Палестина мәселесі туды. 4. ҚХР Тайвань мәселесін дұрыс шешу жолдарын "Бір мемлекет-екі жүйе" қағидасына сәйкес негіздеуде. Осы саясат Қытайға ағылшындар мен португалдықтар иеленген Гонконг пен Макаоны қайтаруға көмектесті. Әйтсе де Тайвань мәселесін шешу оңайға түспей отыр. Күні бүгінге дейін бірін-бірі мойындамайтын екі Қытай мемлекеті өмір сүруде.
+2 дауыс

Екі Кореяныкін таптым. Қарап көріңіз. 1, 2,

Және Күрдтер мен Түріктердікі. 1

+2 дауыс

Иран мен Ирак мемлекеттерінің арасында да осындай жағдайлар бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
4 жауап
Белгісіз 3.12.2013 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...