1995 жылы Президент Жарлығымен республика астанасы Ақмола қаласынна көшірілетіні жөнінде шешім қабылданды да, ол 1997 жылы 10 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының ресми астанасына айналды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана қаласы болып өзгертілді.
Қазақстан 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны, гуманист, ойшылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын кеңінен атап өтті. Абай мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды. Абай мерекесі, Абай оқулары алдымен Мәскеуде, Стамбұлда, Парижде, Лондонда басталып, республика астанасы мен ақынның туған жері - Семейдегі Абай ауданында аяқталды.
1995 жылы 9 тамызда Республика Сарайында салтанатты жиналыс болып өтті, онда Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама жасады. Мерекеге Ф.Майор бастаған ЮНЕСКО өкілдері, ТМД елдерінің басшылары, көптеген делегациялар мен шетелдік қазақ диаспораларының өкілдері жиналды.
1996 жыл - көрнекті суырыпсалма ақын Жамбыл Жабаев жылы болды. Ақынның туған жерінде ескерткіш орнатылды,
Қазақстанның тарихи даму қорытындылары
Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі жылдардағы еліміздегі өзгерістер 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелегенде қорытындыланды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Ресеймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ҚХР-мен, Қырғызстанмен шекараға қатысты мәселелерді толық реттеді. Бұл - маңызы аса зор тарихи оқиға, өйткені шекара дауы ондаған жылдарға созылуы және қақтығыстар мен қанды соғыстар тууына себепкер болуы мүмкін.
Ең күрделі мәселелердің бірі - Қарулы Күштерді құру болды. КСРО-дан Қазақстанға мұраға берекесіз, біртұтас басқару жүйесі жоқ армия қалғаны белгілі. Армияның материалдық-техникалық жарақтануы да өте әлсіз еді. Республикамыздың армияны жаңадан құруына тура келді. Қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстан 2005 жылға қарай соғысқа қабілетті армияжасақтай алды. Қазақстандық батальондар Тәжікстан шекарасын қорғауға қатысты. Ресей, АҚШ, Түркия әскерлерімен бірлескен әскери жаттығулар тұрақты өткізілді, оларда Отан қорғаушылардың әскери өнері шыңдалды.
1997 жылы 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды, онда Қазақстан дамуының алдағы бағдары нақты көрсетілді. 1998 жылдан Қазақстан зейнеткерлік жүйені, мемлекеттік қызметті, сот, білім беру, денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді реформалауға кірісті. Ауылда да күрделі өзгерістер жүрді. Өте аз уақытта қираған колхоздар мен совхоздар орнына серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, фермер шаруашылықтары пайда болды.
Ауыл шаруашылығы несие беру мәселесі реттеліп, ауылда нағыз қожайын пайда болғанда дами бастады. 2004 жылы күрделі ауа райы жағдайына қарамастан Қазақстан мол астық жинады.
1997 жылы 20 қазанда тәуелсіз Қазақстанның өмірінде тағы бір маңызды оқиға орын алды: Мемлекет басшысының Жарлығымен ел астанасы Ақмола болып белгіленді.
1997 жылы 8 қарашада астанаға мемлекеттік билік атрибуттары - Ту, Елтаңба мен Президент байрағы әкелінді. 1998 жылы 6 мамырда ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына «Әлем қаласы» атағы беріліп, медаль табыс етілді.
1995 жылы «Жаңа астана» арнайы қоры құрылды. Қаланы одан әрі дамытуда 1996 жылы Астананы еркін экономикалық аймақ деп жариялаған шешім маңызды рөл аткарды. Қаладағы құрылыс жұмыстары кең масштабпен құлаш жайып, Астана халықтың көз алдында жайнап сала берді. Астанадағы ірі архитектуралық-көркем композидиялардың бірі «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткіші. Оның биіктігі 97 метр. Монумент астананың барлық көрінісіне шолу жасауға болатын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.
1993-2000 жылдары Қазақстан 14,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция алды.