0 дауыс
1.8k көрілді

Қазақстанда Майтөбе деген жер қай жерде?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1) Майтөбе – ежелгі бекініс орны. Бабата ауылының батыс жағында 7 км жерде. М-ні 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бекіністің айналасы дуалмен қоршалған. Қазір дуалдың құлаған орны төбе болып жатыр. Төбе үстінен теріп алынған құты, сапты аяқ, керсен, көзенің сынықтарына қарағанда Майтөбе тұрғындары 11–15 ғасырларда өмір сүрген.

Майтөбе, Мартөбе, Мәртөбе — Сайрам маңындағы тарихи орын, жота. 18 ғ-дың 2-жартысында елдің ішкі саяси өміріне қатысты мәселелерді шешу үшін М. жотасына үш жүздің игі жақсылары жыл сайын мәслихатқа жиналып отырған. Онда ел тыныштығын сақтау, жаудан қорғану, көші-қон тәртібі, қоныстарды бөлу, реттеу, тайпа, ру араларындағы дауларды бітістіру мәселелері қаралып, талқыланған.

2) Ақтөбедегі Хромтау ауданы, Майтөбе ауылы

0 дауыс

Жамбыл обылысы, Талас ауданында, Майтөбе ауылы бар. Майтөбе ауылы негізінен мал шаруашылығымен, ауыл Билікөл көлінің жағасында болғандықтан аздап балық аулаумен айналысады. Қаратаудың баурайында, әсем табиат аясында орналасқан. Негізінен Ұлы жүэ,Үйсін, Дулат атамыздан тарайтын Шымыр руының ұрпақтары мекендейді.Мүмкін осы ауыл болар керегі.

...