Жер бетінде саны бойынша көп шамамен 1 млн түрді біріктіретін жоғары топ болып саналады.
Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі прогрессивті дамыған топ болып саналады.
Жер бетінде олардың кең таралуына құрылыс және даму ерекшеліктері әсер еткен. Олардың жабындары денені кеуіп кетуден сақтайтын эпикутикуламен жабылған. Оларда барлық мүшелерге дейін оттегіні жеткізетін кеңірдекті жүйе күшті жетілген. Олар буынаяқтылардың ішінде жақсы қозғалатын жануарлар. Сол сияқты олар ұшуға да бейімделган. Ұшу – бұл бунақденелілер эволюциясындағы маңызды прогресситві жетістік болып табылады.
Бунақденелілердің денесі анық үш бөлімнен тұрады: басы, кеудесі және құрсағы. Олар тек құрамына кіретін сегменттерде орналасқан өсінділер мен аяқтардың құрылысы және олардың атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді.
Нерв жүйесі.Насекомдарда жүйке жүйесі 3 түрлі болады:орталық , шеткі , симпатикалық нерв жүйелері.Орталық нерв жүйесінің негізін бунақ аралық ұзын тәжілерімен жалғасқан нерв түйіндері немесе ганглиялардан тұрады.Орталық нерв жүйесі бас және құрсақ бөлімінен тұрады.Бас бөлімге өңештің үстіне орналасқан өте жақсы жетілген жұтқыншақ үсті ганглиядан және одан төмен орналасқан жұтқыншақ асты ганглия жатады.Осы екі нерв түйіні өзара тәжілермен жалғасып , жұтқыншақ жанындағы нерв сақинасын құрады.Құрсақ бөлімі құрсақ нерв тізбегін құратын бірқатар ганглиялардан тұрады.
Мидың құрылысы өте күрделі:өзара тұтаса біріккен үш ганглиядан тұрады.Алдыңғы бөлімі немесе протоцеребрум басқаларына қарағанда жақсы жетілген және ол күрделі көздер мен бір сабақшалы немесе саңырауқұлақ тәрізді,денені нервтендіретін 2 төмпешігін өзіне қосып алған.Сабақшалы денелер нерв жүйесінің ең жоғарғы ассоциялаушы және кординациялаушы орталығы болып саналадыжәне олар қауымдасып тіршілік ететін насекомдарда жақсы дамыған.Мидың ортаңғы бөлімі дейтоцеребрум мұртшаларды , ал артқы бөлімі тритоцеребрум – жоғарғы ерінді нервтендіреді және симпатикалық нерв жүйесімен байланысты болады.
Жұтқыншақ асты ганглиясы бастың жақ бөлімінің 3 ганглиясының тұтасып қосылу нәтижесінде пайда болған.Ол ауыз мүшелері мен ішек түтігінің алдыңғы бөлігін нервтендіреді.
Құрсақ нерв тізбегі қарапайым насекомдарда 3 жұп көкірек және 8 жұп құрсақ ганглияларынан тұрады.Насекомдардың нерв жүйесінің ең негізгі ерекшеліктерінің бірі – құрсақ нерв тізбегі ганглияларының кейбіреулерінің тұтаса бірігіп кету ықтималдылығында . Бұл әсіресе дамудың жоғарғы сатысына көтерілген қоңыздар мен шыбынедарда байқалады.Мысалы , өлексемен қоректенетін сұр шыбынның көкірек және құрсақ ганглияларының барлығы қосылып , көкірек бөлімінде бір түйін түзеді.Ал құрсақта тек нервтер қалады.
Насекомның нерв жүйесінің келесі бір ерекшелігі нерв ганглияларының әрбір жеке жұптарының белгілі бір дәрежеде дербес болуы.Мысалы, араның нерв ганглиясымен бірге денесінен жұлынып қалған шанышқысы шаққан жануардың денесінің жараланған жерінде біраз уақытқа дейін қызметін атқара береді.
Шеткі нерв жүйесі – орталық және симпатикалық нерв жүйелерінің ганглияларынан шығатын нерв жиынтығы.Ганглиялар сол нервтер арқылы дене бөлімшелерінде орналасқан әр түрлі сезім мүшелері мен бұлшық еттермен жалғасады.
Симпатикалық нерв жүйесі насекомдардың ішкі мүшелері мен бұлшық ет жүйесінің жұмысын реттейді.Ол бас пен көкірекке орналасқан бірнеше ганглиялардан , құрсақ нернв тізбектерінің конектвиттері арасынан өтетін жұпсыз симпатикалық нервтен және құрсақ тізбегінің соңғы түйінімен жалғасатын оның құйрық бөлімінен тұрады.
Жыныс жүйесі.Насекомдардар жынысты жолмен көбейеді,көпшілігі дара жынысты организмдер.Гермафродитизм насекомдардың тек аздаған түрінде кездеседі Көпшілік жағдайда еркек насеком мен ұрғашы насеком арасындағы айырмашылық жоқ десе де болады.Оларды тек сыртқы жыныс мүшелері арқылы ажыратуға болады.Насекомдарда жыныс деформизмі анық көрінеді.Ондай насекомдардың аталығын аналығынан мұртша,көз,ауыз апараттарының ерекшеліктері арқылы ажыратуға болады.Сонымен қоса аталық жылдам әрі түсі ақшыл келеді.Жыныс диморфизі әсіресе желпуіш қанаттылар өкілінде, кокцидтерде, көбелектерде айқын көрінеді.
Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа бездері, жолдары және қосымша бездері жатады. Аталық жыныс мүшелері жұп тұқым безінен, жұп тұқым жолдарынан, сыңар тұқым шығарғыш каналынан және қосымша бездерден тұрады.
Ұрғашы насекомның көбею мүшелері 1 жұп аналық ,жұп және жұпсыз жұмыртқа өткізгіш,бір жұп қосалқы без және кейбір насекомда кездесетінтұқым қабылдағыш жатады. Аналық бездері жұмыртқа түтікшелерінен тұрады , онда жұмыртқа клеткалары қалыптасады.Жұмыртқа түтікшелерінің саны әр түрлі:кей қоңыз бен көбелектерде 4-8 жұп,бал арасында 220 жұпқа дейін,ал термидтер де 12000 және одан көп.Жұмыртқа түтікшелері көбінесе өзара қосылып ,бірнеше тармақ құрады да ,жұпты жұмыртқа өткізгіштерінің біреуіне қосылады.
Жұптас жұмыртқа өткізгіштер өзара қосылып , жыныс тесігі арқылы сыртқа ашылатын жұпсыз жұмыртқа өткізгіш құрады.Жұпсыз ұрық өткізгішке көбінесе тұқым қабылдағыштың жіңішкерек келген тармағы қосылады.Спермотека еркек насекомның шағылысу кезінде бөлінетін сперматазойдтты сақтау қызметін атқарады . Сперматазойдтарды сақтау 4-5 жылға созылады.Жұмыртқаның ұрықтануы жұпсыз жұмыртқа өткізгіштен өтіп бара жатқан кезінде орындалады.Сперматазойдтар тұқым қабылдағыштан шығып жұмыртқаны ұрықтандырады.
Ұрғашы насекомның қосалқы бездері әр түрлі қызмет атқарады.Олар жұмыртқаны субстратқа жабыстыру үшін секреттер бөліп шығарады.Ал адам немесе жануар шағатын түрінде улы бездер қызмет атқарады.
Еркек насекомның өсіп –өну мүшелеріне жұптас аталық бездер ,тұқым жолы, жұпсыз тұқым шашқыш канал ,қосалқы жыныс бездері, капулятивті мүше жатады.Аталық бездердің пішіні әртүрлі: шоқтанған, бөлшекті, диск тәрізді бұралған иір болып келеді де ішінде сперматазойдтар қалыптасатын тұқым түтіктерінен тұрады.
Тұқым түтіктері жұптасқан тұқым жолына қосылады, көбінесе олардың ұшы кеңейіп, тұқым көпіршіктеріне айналады.Сперма сыртқа шығар алдында сонда жиналады да, шағылысу кезінде тұқым шашқыш каналға түседі.Одан соң тұқым шашқыш канал сперманы капулятивті мүше арқылы итеріп сыртқа шығарады.
Бунақденелілердің ұрықтан кейінгі дамуы әртүрлілігімен сипатталады, ол өкілдерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бунақденелілердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Метаморфоздың әр типі бунақденелілердің белгілі бір тобына тән болып келеді, бұл класс төңірегінде топтарды танып-білуге және бір-бірінен бөлуге көмегін тигізеді. Бунақденелілердің дамуының кең таралған типі толық емес метаморфозда дернәсілден ересек стадияның, немесе имагоның қалыптасуы болып табылады. Постэмбриональдық дамуда толық емес метаморфозда дернәсілдік кезеңдердің сипаты бойынша дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Бірінші жағдайда дернәсілде дамудың алғашқы кезеңдерінде ересек формаға тән белгілері бар. Мұндай дернәсілдер ересек формаға тіршілік әрекеттері және қоректену тәсілдері бойынша да ұқсас болады. Олардың негізгі айырмашылықтарына қанаттарының болмауы, жыныс жүйелерінің жетілмеуі және дене бөлімдерінің өзіндік мөлшерінің қарым-қатынасы жатады.
Сезім мүшелері.Насекомдарда азды – көпті дәрежеде есту, көру, иіс сезу , дәм сезу және түйсіну сезімдері қалыптасқан.Бұлардан басқа кей жеке түрлер ауа температурасы мен ылғалдығына ,су мен ауа ортасының қысымының өзгеруін және жердің магниттік өрісі мен электростатикалық өрісінің әсерін де қабылдайды.
Иіс сезу мүшелерінегізінен тақта немесе конус түрінде мұртша кутикуласының ойыс бөліктерінде нерв клеткаларымен жалғаса шоғырланған.Иіс сезу элементтерінің саны әдетте,еркек насекомда көп болады .Ол әсіресе гүл шырынын іздеуде иіс сезімінің маңызды қызмет атқаруына байланысты жұмысшы араларда көп болады –мұртшалардың әрқайсысында 600 ге жетеді.Кей насекомда сезімталдығы адам мен салыстырғанда жоғары.
Түйсіну сезім қызметіне дене бөліктерінің әр түрлі учаскелерінде , әсіресе мұртшалармен ауыз мүшелерінде орналасқан сезгіш қылшықтар атқарады.Қылшықтың тітіркенуі нерв клеткасына өтеді,одан соң пайда болған қозу нерв талшықтарының бойымен нерв орталығына беріледі.
Дәм сезу мүшелері құрылысы жағынан иіс сезу мүшесіне ұқсас.Олар ауыз бөлімінде орналасқан.Сонымен қатар дәм сезу сүйелдері көбелек , ара , шыбын алдыңғы аяқтарында табылған.Насекомдар тәтті, тұзды, ащы және қышқыл дәмдерді азды – көпті ажырата алады.
Есту органдары тек дыбыс шығара алатын насекомдарда ғана жақсы дамыған.Олар –тимпанальды органдар деп аталатын кутикуланың дабыл жарғағы сияқты жұқа учаскелері.Онда сезгіш элементтер барынша топтанған.
Насекомның көру мүшесі жақсы жетілген.Тек өмір бойы жер астын мекен ететіндер мен қараңғыда өмір сүретіндерде жойылған.Насекомдарда көздің 2 түрі: күрделі және қарапайым көздер.Күрделі көздерде- фасеттер орналасқан. Олардың іші хрустальды конустан тұрады. Конус астында жарық сәулесін қабылдайтын тор орналасқан. Тордың клеткасы нервпен байланысқан.
Күндіз ғана активті тіршілік ететін ,сондықтан күндізгі насекомдар деп аталатын түрлерде пигмент клеткасы омматидтерді бірінен-бірін бөліп тұрады.Осыған байланысты олар тек тура тікелей түсетін сәулені ғана қабылдай алады .Ымырт және түн насекомдарының көздері мейілінше жақсы жетілген және олар жарықтың азды көпті дәрежеде өзгеруін сезе алады . Олардың оптикалық бөлігі сезгіш бөліктен едәуір қашықтықта болатындықтан ымырт кезінде омматидтің торына тікелей келетін сәулелерді ғана емес ,сонымен қатар көрші омматидтерден шыққан қиғаш сәулелерді де көреді.Мұның өзі жарық нәижелігін күшеюіне мүмкіндік туғызады.Жарық күшті болған сәтте пигмент омматид бойымен жылжып орын ауыстыра бастайды да ,күндізгі насеком көзі сияқты оны басқа омматидтен бөліп тастайды.
Қарапайым көздер әдетте үшеу болады:біреуі маңдайда , қалған екеуі бастың төбе бөлігінде орналасқан.Кейбіреунде қарапайым көздер болмайды.Олардың қарапайым көздерден айырмашылығы сезім элементтері болады және олар көру төмпешігінен емесч ,мидың алдыңғы бөлігінің орталық учаскесінен нервтеледі.Олар жарық түсу қарқынын күшейтеді немесе азайтады.
Насекомдар өздерінің нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің жақсы дамуына байланысты сыртқы ортадан келетін алуан түрлі сигналдарды қабылдайды және сол сигналдарға жауап береді.Организм реакциясымен осындай жиынтығын тіршілік әрекеті деп атайды.Тіршілік әрекеті тек сыртқы тітіркндіргіштермен ғана емес, сонымен қатар организмнің физиологиялық күйі арқылы анықталады.Тіршілік әрекетінің ең қарапайым көрінісі шартсыз рефлекске негізлделген,ал шартты рефлекс жоғарғы нерв әрекетінің элементі болып саналады.
Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, тұқым қуалайды.Тіршілік әрекетінің қарапайым күйі танатоза күйі мысал болады:жеміс ағашын кенеттен сілку кезінде қимылдау әрекетінің рефлекторлық қызметі бұзылып насеком жерге құлайды және қыимылсыз жатып қалады.Тіршілік әрекетінің күрделірек түріне таксистер мен инстинктер жатады.Таксистер – тітіркендіргіштер әсерінен туатын әртүрлі рефректорлық қимылдар.Оларды тітіркендіргіштердің аттарына сәйкес термотаксис ,фототаксис,гидротаксис, хемотаксис,деп атайды.
Инстинктер іштен туа пайда болған күрделі рефлекстер болып саналады.Насекомдардың тіршілігі үшін ,әсіресе насекомның тірі қалу үшін олардың маңызы зор.
Шартты рефлекстер жануарлардың жоғарғы нерв әрекеттерінің элементтері болып саналады.Шартсыз рефлекстердің айырмашылығы – олар жеке организмнің тіршілік еткен кезеңі ішінде қалыптасады.Сөйтіп уақытша қалыптасқан әрекет сипатында болады.Екі тітіркендіргіштің біріккенн әрекетінің нәтижесінде нерв жүйесінің әр түрлі ортаықтарының арасында уақытша байланыс пайдаболады да , организм белгілі бір уақыт арасында шартты тітіркендіргішке жауап қайтарады.
Алайда,оны шартсыз рефлекспен күшейтіп тұру онша ұзаққа созылмаса ,онда орталық нерв жүйесіндегі уақытша байланыс бұзылады да, шартты рефлекс сөніп қалады.