0 дауыс
38.1k көрілді
Мен пирог жасауды билмейм бiрак уйренгiм келедi комектесiнiздершi

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
салем. сізбен творожный пирог рецептімен болісе аламын. бұл оте оңай. Бул үшин сізге:
2,5-3 ст ұн
500 гр творог
3 жұмыртқа
1 ст қант
250 гр сары май
1 пачка ванилин
1 ст ложка күнбағыс майы

Алдымен ұн,  сары май және жарты стакан қантты араластырасыз. Сізде песочное тесто пайда болады. Содан соң начинкасын дайындау үшін жұмыртқаның ағы мен сарысын болек боліп аласыз. Сарысын творогпен араластырасыз. Бөлек ыдысқа жұмыртқаның ағын, қантты және ванилинді миксермен крем сияқты қою болғанға дейін араластырасыз. Содан соң  творогпен қосып тағы араластырасыз.  
Енді арнайы пісіретін ыдысыңызға күнбағыс майын жағыңыз. Содан соң тестоның жартысын ыдысыңызға салыңыз. Ортасына дайындаған творог начинкасын салыңыз да бетін қалған тестомен жабыңыз. Духовкаға 180 градуста 30-40 минут пісіресіз. Болды :-). Сізге ұнайды деп ойлаймын.
Тамаша! Ризамын нағыз жақсы жауап! Тағы да басқа тәттілердің жолдары болса осында астына жауап ретінде жазасыз! :)
рахмет. Сиз де писирип коруинизге болады.:). Тагы да баска таттилердин рецептин жазармын онда))
+2 дауыс
prigotovim.kz осы сайттан қарап көр қазақша мәліметтер жоқ өкінішке орай барлығы орысша сәттілік тілеймін!
+2 дауыс
Мен  ең оңай және тез, әрі дәмді, қарапайым  дайындалатын бір пирогтың халықтық рецептін білемін Ол үшін:
3 ст ұн
1 ст шекер
1 ст күнбағыс майы
1 ас қасық сода
2 жұмыртқа
1.5 кесе айран

Алдымен, бір ыдысқа ұн, сода шекер сосын айранды салып араластырамыз. Үстіне майды құйып, ең соңында жұмыртқаны саламыз. Дайын болған қамыр өте жұмсақ болу керек. Пирогтың ішіне өз қалауыңызша мейіз, жаңғақ, варенье салуыңызға болады. Піскен пирог 2 есе көтерілу қажет.
Ас дәмді болсынІ
Был пирогыныздын атты кандай??
0 дауыс

Ақ ірімшікті чизкейк

Құрамы

Печенье - 150 гр.   
Сары май - 70-80 гр.
Қоңыр қант - 1 ас қасық.

Ақ ірімшік - 400-500 гр.
Қаймақ - 150 гр.
Қант - 0,5 стақан.
Жұмыртқа - 4 дана
Жарты лайм шырыны және үгітілген қабығы (лаймның орнына лимон алуға болады)

Жасалу жолы осында

0 дауыс

Қамырына:
Сары май – 125 гр.
Ұн – 2 стқан
Қант – ½ стақан
Қамыр қопсытқыш – 1 шай қасық
Салмасы:
Ақ ірімшік – 500 гр.
Қант – ¼ стақан
Жұмыртқа – 3 дана
Ұнтақ жарма  (манка) - 1 ас қасық
1 лимонның ұсақталған қабығы
Ванилин


 

Ірімшікті бәліштің дайындалу тәсілі:

Майымызды ертерек тоңазытқыштан шығарып төртбұрыштап турап қоямыз. Май тым қатты болса аздып қысқатолқынды пеште жібітіп алыңыз, бірақ қатты еріп кетпесін.

Алдымен құрғақ құрамдас бөліктерін араластырамыз: ұн, қант, қамыр қопсытқыш және бір шымшым тұз қосуға болады.
Ұнды қоспаға өте жұмсақ майды саламыз. Қолмен илейміз жақсылап. Бірақ қанша илесек те бұл қоспа қамыр болмайды, солай ылғалды ұнтақ күйінде қалады.
Енді ірімшікті салмасын дайындаймыз.
Ірімшікке жұмыртқа, қант, ванилин, ұнтақ жарма және 1 лимнонның ұсақталған қабығын (цедра) салып, барлығын біркелкі болғанша жақсылап араластырамыз.
Пешімізді 180 С-та қыздырып қоямыз.
Бәліші пісіретін арнайы қалыпты дайындаймыз. Ол үшін қалыпқа жұмсақ сары май жағамыз, үстінен ұн себеміз.
Енді дайын қалыпқа алдымен ұнды ұнтақтың ¾ бөлігін саламыз, шеттерін көтеріңкі жасаймыз. Әйтпесе салмасы  қалыпқа жабысып қалады. Ұнтақтың үстінен ірімшігіміздің барлығын саламыз. Тегістеп, үстіне ұнтақтың қалған ¼ бөлігін саламыз.
Пешке 40-45 минутқа қоямыз. Бәліш піскеннен кейін қалыптан алуға асықпаңыз, жақсылап суытып алып, бірақ алыңыз, әйтпесе үгітіліп шашылып қалады.
Осымен бәлішіміз дайын!

 

Басқа да пирогтар осында

0 дауыс
калай жасалу жолдарын жане фотосын корсете аласызба.
0 дауыс

Ірімшіктен жасалған торфты бәліш. Рецепт қазақ тілінде келесі сілтеме бойынша  http://www.gourmania.kz/2015/06/torfti-balish.html

 

басқа да рецептерді http://gourmania.kz сайтынан таба аласыздар

0 дауыс

Жұмыртқадан кремді қалай əзірлеуге болады?

Ұқсас сұрақтар

...