Қамырына:
Сары май – 125 гр.
Ұн – 2 стқан
Қант – ½ стақан
Қамыр қопсытқыш – 1 шай қасық
Салмасы:
Ақ ірімшік – 500 гр.
Қант – ¼ стақан
Жұмыртқа – 3 дана
Ұнтақ жарма (манка) - 1 ас қасық
1 лимонның ұсақталған қабығы
Ванилин
Ірімшікті бәліштің дайындалу тәсілі:
Майымызды ертерек тоңазытқыштан шығарып төртбұрыштап турап қоямыз. Май тым қатты болса аздып қысқатолқынды пеште жібітіп алыңыз, бірақ қатты еріп кетпесін.
Алдымен құрғақ құрамдас бөліктерін араластырамыз: ұн, қант, қамыр қопсытқыш және бір шымшым тұз қосуға болады.
Ұнды қоспаға өте жұмсақ майды саламыз. Қолмен илейміз жақсылап. Бірақ қанша илесек те бұл қоспа қамыр болмайды, солай ылғалды ұнтақ күйінде қалады.
Енді ірімшікті салмасын дайындаймыз.
Ірімшікке жұмыртқа, қант, ванилин, ұнтақ жарма және 1 лимнонның ұсақталған қабығын (цедра) салып, барлығын біркелкі болғанша жақсылап араластырамыз.
Пешімізді 180 С-та қыздырып қоямыз.
Бәліші пісіретін арнайы қалыпты дайындаймыз. Ол үшін қалыпқа жұмсақ сары май жағамыз, үстінен ұн себеміз.
Енді дайын қалыпқа алдымен ұнды ұнтақтың ¾ бөлігін саламыз, шеттерін көтеріңкі жасаймыз. Әйтпесе салмасы қалыпқа жабысып қалады. Ұнтақтың үстінен ірімшігіміздің барлығын саламыз. Тегістеп, үстіне ұнтақтың қалған ¼ бөлігін саламыз.
Пешке 40-45 минутқа қоямыз. Бәліш піскеннен кейін қалыптан алуға асықпаңыз, жақсылап суытып алып, бірақ алыңыз, әйтпесе үгітіліп шашылып қалады.
Осымен бәлішіміз дайын!
Басқа да пирогтар осында