0 дауыс
23.4k көрілді

Абай мен Шәкарім шығармаларында қандай сабақтастық бар?

1 жауап

0 дауыс

Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері бағзы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның  даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.

Абай мен Ш.Құдайбердіұлының  мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері қос ғұлама есімі ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Шәкәрім әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. Бүгін біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе Ш.Құдайбердіұлыұлы Абаймен рухани жақындық-жалғастығы. Осы жайында академик З.Ахметов: «Мұның өзі дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. ...Абайды әлемге әйгілеу үшін Шәкәрәм қандай қажет болса, Ш.Құдайбердіұлының  дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді» [1, 32-б.] деп, Абай мен Мұхтардың рухани сабақтастығының дүниежүзі әдебиетіндегі маңызын айрықша атап көрсетсе, «Шәкәрім өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайды», деп ескертеді ғалым . Демек, Ш.Құдайбердіұлының көркемдік-эстетикалық нысанасы, суреткерлік тұрғысы, шығармашылық ойлау даралығының Абайдың көркемдік үлгі-өнегелерінен бастау алатыны сөзсіз. 

Ғылыми жұмыста Абай мұрасының Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына тигізген игі ықпалы, атап айтқанда ақын мұрасының жазушының көркем туындыларына еніп, эстетикалық танымдағы сөз қолданыстарын  меңгергендігі мен шығармашылық тұрғыдан жетілдіргенін айқындайтын нақты талдаулар жасалды. Еңбекте қазақ әдебиетінің қос заңғары Абай мен Ш.Құдайбердіұлының  әлеміндегі рухани сабақтастық, көркемдік тұтастық, дәстүр мен жаңашылдық, табиғи тамырластық  мәселесін салыстыра отырып саралау көзделді.

...