0 дауыс
471 көрілді

Адамдар нацист,коммунист,оппозиционер деп бөлініп жатады.Осыларға анықтама берсеңіздер және тағы да қалай бөлінеді?Оларға да анықтама берсеңіздер

3 жауап

0 дауыс

Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам (таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады.

Нацизм - [лат. natio - ұлт] - 1933- 1945 жж. гитлерлік Германияның идеологиясы мен тәртібі. "Нацизм" ұғымы арийлік нәсілдің басқа ұлттар мен халықтардан артықшылығын уағыздаған Германия фашистік Национал-социалистік партиясының (НСДАП) атауынан шықты. Герман фашизмі (национал-социализм) XX ғ. адамзат тарихындағы ең қасіретті соғысты бастады. Оның билігі күшке табынушылықты тірілтіп қана қоймай, бүтін бір ұлттарды нәсілдік- саяси белгілеріне қарай қырып-жоюды қалыпқа айналдырды. Әдетте нацизмді фашизммен теңдестіреді. Ал айда Fashio"бірлестік" немесе "одақ" дегенді білдіреді, фашистер - ол "одақтастар", ал фашизм "одақтастық". XIX ғ. бұл сөзді республикандық, кәсіподақтық және социалистік топтар өздерінің басқа партиялардан ерекшелігін көрсету үшін қолданды. XX г. басында бұл символды итальяндық оңшылдарпайдаланды. 1917 ж. бастап итальян парламентінің оң қанаты "Ұлттық қорғаныс Одағы" деген атпен бірлесті. 1915 ж. негізі қаланған "Төңкерістік іс-әрекеттер Одағы" және 1919 ж. Муссолини ұйымдастырған соғыс ардагерлері одағынан - "Күрес Одағы", кейіннен 1921 ж. Ұлттық фашистік партияаталған фашистік партия пайда болды. Нацизм - ең алдымен "герман фашизмі". Нацизм "бастапқы" итальяндық фашизмнен елеулі түрде ерекшеленеді. Итальян фашистік партиясына ұқсап, Германияның Национал-социалистік жұмысшы партиясы да соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық және қоғамдық дағдарыстар жағдайында пайда болды. Бұл партияның тарихы, құрылымы, бағдарламасы, саяси тәжірибесі, тіпті, идеологиясы оның итальяндық бейнесін елестеді. 1922 ж. национал-социализм "фашизм" атауына орынды ие болды. Партия бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі антисемитизм болды. Бұл антисемитизм нәсілдік идеологиясын сылтауратты, басынан национал- социалистерді фашистерден ажыратып қарайды.

 

0 дауыс

Нацист деген - адамдарды ұлтына қарай бөлетін және өз ұлтын басқадан жоғары қоятын адам. 

Коммунистер - адамдардың бөлінбегенін қалайды.(мысалы, бай немесе кедей). Керемет қоғам құруға тырысады.

Оппозиционер - өкіметтің істеген әрекеттерімен келіспейтін адам. 

 

 

 

 

0 дауыс

Оппозиция- билік жүйесіне,партияларға қарсы шығу. Осыны ұйымдастырушы адам-оппозиционер деп аталады.

...