Тіс ауырған кезде алдымен тісіңізді тазалап алыңыз. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы шумен шайып тұрыңыз. Сондай-ақ, көк шөпті қайнатып, суыған кезде тіске басып, ауыз қуысын тазалауға болады.
Ауырған тістің орналасқан жағына қарай, оң я сол қолыңызға сарымсақ бөлігін дәкімен таңып қойыңыз.
Үккіштен пияз бен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластырыңыз. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басыңыз. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.
Мұз кескінін алып, оны сүлгімен орап, тіс ауырған жаққа басыңыз.
Ауырған тіс жақтағы құлағыңызды ұстап, сағат бағытымен бес минут уқалаңыз.
Қолыңызға мұз кескінін алып, алақан аясында домалатыңыз.
Тіс ауырғаны басылып, жаныңыз жай тапқан кезде денсаулыққа салғырт қарамай, дереу тіс дәрігеріне жолығып, қаралыңыз. Себебі, тістің ауырғаны басылғанымен оның артынша тіс аурулары пайда болып, созылмалы түрге көшуі әбден мүмкін. Сондықтан да, тіс ауруларының алдын алып, тіс күтіміне аса мән берген абзал.