+1 дауыс
254 көрілді

Ауа райына баланысты тоқтатылған кешегң матч енді қашан болады?

Сұрақтың жабылу себебі: Галатасарай 1-0 Ювентус

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Чемпиондар Лигасының «В» тобындағы «Галатасарай» мен «Ювентус» арасындағы шешуші кездесу жаңа ғана аяқталды. Уэсли Снейдер 85 минутта Буффон қақпасының саңылауын тауып, «Ювентусты» жарыс жолынан шығарды.

Кеше өтуі тиіс болған кездесу Стамбулдағы ауа-райының тосын сыйынан кейін тоқтатылған еді. УЕФА шешімі бойынша 31 минутта тоқтатылған кездесу сол уақыттан бастап жалғасты. Роберто Манчини шәкірттеріжеңіс үшін ойнайтынын алаңда дәлелдеп-ақ бақты. Бар күшін соңғы минуттарға сақтап жүргендей де сезілді. Ойын Умут Булуттың алаңға кіруімен жандана түсті. 85 минутта Уэсли Снейдер Дрогваның баспен асырған керемет пасынан кейін кездесудегі жеңіс голын соғып,«Галатасарайды» плей-офф кезеңіне алып шықты. Одан кейінгі сәттерде де Дрогва бірнеше мүмкіндік тудырды. Алайда бағытталған соққы өз нәтижесін бермеді. 

+1 дауыс

Хехе кеш қалдың. Бүгін болып кетті, жаңа жарты сағат бұрын бітті. Галатасарай 1-0 есебімен жеңді. 1/8 финалға шықты.

...