0 дауыс
880 көрілді

Жақын арада бөпем болады.Үлкен апасы ретінде есімін қою маған жүктелді.Қандай есім қойсам болады?Заманауи арине тек ұл балаға қыз балаға да жазыңыздаршы.......

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ажар - "Ажар" сөзі келбет, көрік, әдемі, тартымды сияқты ұғымдармен үндеседі. Қазақ халқы адамның сыртқы сұлулығын "ажарлы" деп те
сипаттайды.

АБЫЛАЙ - араб тілінен аударғанда "әбіл" сөзі әке деген мағынаны береді. Ай - планета, ол әдемілік пен адалдықты және мәңгілікті білдіреді. Тарихи есім - Абылай хан.

БАҚТИЯР – парсының «бәхт» (бақыт) және «иар» (жар) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Мұсылман жамағаты арасында қазақтар мен ирандықтар арасында көптеп кездесетін ат. Парсы шығанағына Орталық Азиядан ауып барған тайпаның бірі бахтиярлар деп аталады. Бұл есімнің түп-төркіні бақытты болсын деген тілекпен астасады

ЕРАСЫЛ – қазақтың «ер» (жаужүрек батыр, қаһарман) және «асыл» (қасиетті, аяулы) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Қазақ шыр етіп дүние есігін ашқан ұл балаға «асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы болсын» деген ниетпен осы ныспыны ырымдап қойған. Сирек кездесетін есімдер санатында. Ел жадында Қаракерей Қабанбай батырдың шын есімі ЕРАСЫЛ екені жатталып қалған.

ЕЛОРДА – қазақтың «ел» (халық, бұқара) және ежелгі түркі тіліндегі «орда» (орын, орталық) сөздерінен құралған атау. «Елдің орталығы, астанасы» деген мағына береді.

Мына жерден басқа есімдерді қарап көр.

0 дауыс

"Медет" деп қойыңыз.

 

0 дауыс
Алдымен келсинда коресингой содан кейін
Бәрі дайын болғаны дұрыс ко.оған кез келген есім қоя бергім келмейді
+1 дауыс

Негізі дүниге келмеген балаға алдын ала киім,ат қоюға болмайды!Сондай ырымдар бар,ол туралы бір жердеде айтылған!

Не болады онда?
Бала дүниеге аман-есен келсін,бәрін бір күнде ақ тындырып тастауға болады!Асығудың керегі жоқ!Асыққан шайтанның ісі!
ақылдысынан....
Рахмет!   .
...