0 дауыс
13.6k көрілді
Дара және күрделі сөздер 6 сынып, осы тақырыпқа байланысты қалай ойын ойнатуға болады?

1 жауап

0 дауыс

6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: Дара және күрделі сөздер туралы түсінік беру, жасалу жолы мен айырмашылығын меңгерту. Топтық жұмыс негізінде өзара ой бөлісуге, ойын еркін жеткізуге, алған білімін тапсырма барысында қолдануға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Дара және күрделі сөздер туралы түсінеді. Топтық жұмыс арқылы оның жасалу жолы мен айырмашылығын меңгереді. Өзара ой бөлісіп, ынтымақтастықта болады. Алған білімін өмірде қолдануға дағдыланады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, Джексо, өрмекші торы, Венн диаграммасы, рефлексия

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті
Қызығушылықты ояту «Жақсы сөз- жарым ырыс» бір-біріне жақсы тілек айтудан бастау
Оқушыларды топқа бөлу 
(1-топ бір түбірден тұратын сөздер (арқар, аспан, жол, қызыл, көркем, он)
2-топ екі түбірден тұратын сөздер (арқар мүйіз, аспан көк, жолсерік, Қызылорда, көркемөнерпаз, он үш, ашудас) 
Үй тапсырмасы: өткен сабаққа кері байланыс түбір мен қосымшаға постер жасау.
1-топ «Біл» сөзіне қосымша жалғайды.
2-топ «Ой» сөзіне қосымша жалғайды.
Мағынаны тану Жаңа сабақ
Екі топқа парақшамен дара және күрделі сөздер туралы мәлімет беріп, топпен бірге жаңа сабақты өздері түсіндіруді тапсыру.
Дәптермен жұмыс 75-жаттығу 
1-топ дара сөздерді табу
2-топ күрделі сөздерді табу
76-жаттығу Жұптық жұмыс Төмендегі сөздердің ішінен біріккен, қос, қысқарған, тіркесті, түбір, туынды сөздерді теріп жазу.
Бала, қаптесер, ата-ана, БҰҰ, қара торы, оқушы, ҚазМУ, екі мың, ел-жұрт, тасбақа, ауыл, білім, БАҚ, Ұлбала, сәнқой, аспаз, некен-саяқ, ойын, оқ, күзет, ХҚТУ, см, қара күрең, ыдыс-аяқ
«Алтын асық» ойыны
Асық бүк түссе, 
Суреттеу: тасбақа, арыстан
Асық шік түссе:
Зерттеу : Сөз тұлғасы деген не, оған қандай бөлшектер кіреді.
Асық тауқа түссе: 
Салыстыру: Күрделі және дара сөздерді салыстыр.
Асық алшы түссе
Қолдану: Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыру. Ақсақал, жұманамаз
Қорытынды «Өрмекші торы» ойыны
1. Сөз тұлғасы неден тұрады?
2. Түбір деген не?
3. Адам сөзіне жұрнақ жалға
4. «Күзем» сөзінің түбірі
5. Қосымша нешеге бөлінеді?
6. Жұрнақ деген не?
7. Жалғаудың түрлері
8. Жұрнақтың түрлері
9. Дара сөздер дегеніміз
10. Түбірлес сөз деген не?
11. Жаздыгүні қандай сөз дара ма, күрделі ме?
12. Күрделі сөздің түрлері
13. «Өс» сөзінен туынды сөз жаса
Үй тапсырмасы: 77-жаттығу Күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Өзін-өзі бағалау
Постермен жұмыста ойқостым
Жаңа сабақты түсіндім
Дәптермен жұмысты дұрыс орындадым
Жұптық жұмыста ой бөлістім
«Алтын асық» ойынын ойнадым
«Өрмекші торын» жасауға көмектестім
Кері байланыс «Өрмекші торы» ойынында
сұраққа жауап беру арқылы теориялық білімдерін кеңейтеді.

Үй тапсырмасының шартын түсінеді. Күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырады.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бүгінгі сабақтағы сәтті тұстар мен ұсыныстарын жазады.

...