0 дауыс
1.1k көрілді

Ватикан әскерлері қазіргі кезде қандай қару ұстайды, бұрын қандай қару қолданған?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ватикан әскерлері (тек қана швецариялық католиктер ғана алынады) қарудың 2 түрімен қаруланған:

1. Дәстүрлі: Протазан (біздің найза сияқты қару), қылыш (Фламберг) және сауытпен қаруланған (көптеген дәстүрлі мерекелерде қолданатын қаруы)

2. Жаңа қару түрлері: кез-келген қазіргі армиядағы сияқты қару жарақтың соңғы түрлері (автомат, граната, сн.винтовка т.б.). Бұларды күнделікті ұстап жүрмейді (Ватиканның қару-жарақ сейфінде сақтақтаулы)

 

+1 дауыс

Ватикан, – католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялықмонархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).

Ватикан мен Қазақ Елі арасындағы достық байланыс алғаш 1998 жылдың 6-шы ақпанынан басталды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ватиканға сапарында Папа Иоанн Павел II-мен кездесті. Аудиенция барысында екі жақ бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды. «Иоанн Павел ІІ-нің резиденциясы орналасқан қала-мемлекет Ватиканның Әулие Петр Соборында өткен кездесу кезінде ҚР Президенті Рим Папасына оның Орталық Азияелдеріне тұңғыш сапары, Астанада сөйлеген сөзі Қазақстандағы барлық конфессия өкілдерінің тарапынан қызу қолдау тапқанын, мемлекеттегі дінаралық татулыққа септесетін болатынын разылықпен айтты. Иоанн Павел ІІ-ші Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылы Елбасымыздың Ватикан мемлекетіне сапары кезінде қол қойылған келісімнің ойдағыдай орындалып келе жатқанын атап өтті. Рим Папасы Президент Нұрсұлтан Назарбаеварқылы бүкіл Қазақстан халқына, өзіне, Астанаға сапар кезінде көрсеткен ерекше құрметі үшін разылығын жеткізудi сұрады. «Маған дәл сондай құрмет тіпті христиан дініндегі Армения мен Грузияда да көрсеткен емес»  деп ерекше айтты Рим Папасы. 

...