+2 дауыс
745 көрілді

Көп адамдар тістерін қайрап отырады неліктен?

Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұйқы мезгілінде тіс қайрау үлкен мидағы бір бөлім жүйке жүйенің қалыпсыздығынан, нәзік жүйке тамырларының шаршауынан туындайды. Ұйқы мезгіліндегі тіс қайрау мен күндізгі еріксіз тіс қайрау бірте-бірте ауырлап, қалыпты жағдайға айналып отырады. Мұны созылмалы дерт деп айтуға әбден болады. Бұл жоғарыда айтқанымыздай бірнеше түрлі болып келеді. Біріншісі, ұйқы мезгілінде тіс қайрау. Бұл әдетте мамандар жағынан түнгі тіс қайрау деп аталады. Бұл өзіне сезілмегенімен, айналасындағы адамдардың жүйкесіне қатты әсер етеді. Екіншісі,күндізгі тіс қайрау. Бұл әдетте өзі де абайламаған жағдайда қатты тістене қалатын жағдай. Бұл кезде тіс қайраған секілді дыбыс та білінбейді. Бірақ, бұл да тіс қайраудың бір түріне жатады. Үшіншісі, жоғарыдағы екі түрлі жағдай бір адамның бойынан көрініп отырады. Әдетте ең ауыры да осы.

Тіс қайраудың себептері мыналар:

Жүйке жүйесінің аса сезімталдығы, психикалық шаршау, көңіл-күйдің төмендеуі, ашулану, ызалану;
Асқазан-ішек жолы ауруларынан;
Қалыптан тыс шаршау;
Ритімсіз, қалыпсыз тұрмыс әдеті;
Денедегі кейбір дәрумендердің кемшін болуы;
Әдетке айналып кеткен, қалыпты құбылыс.

Бұлардың бәрі бірте-бірте ауыр дертке шалдықтыруы әбден мүмкін. Сол үшін де бұл әдеттен арылуға асыққан жөн. Тіс қайраудың қарапайым емдік жолын айтып өтелік:

Психикалық емделу. Бұл енді өзіңізді жеңуден басталады. Күнделікті жұмысты қалыпты етіп орналастыру, қалыптан тыс шаршауды бәсеңдету;
Үлкен мидың шаршауынан сақтану, ұйықтар алдында аса күрделі ой-қиялға берілмеу, азықтық қуаты жоғары тағамдарды ғана тұтыну, темекі тартудан сақтану, ұйықтар алдындағы жатын бөлмесінің ауасын тазарту;
Ұйқыдағы кезде тіс қайраған адамды оятып жіберу де өнімді тәсіл. Бұлай болғанда үздіксіз тіс қайрау барысында қалыпсыздыққа еніп бара жатқан жүйке жүйесін де оятуға болады.

Бұдан өзге ең өнімді тәсіл мамандардан кеңес сұрап, дәрі-дәрумендер тұтыну. Қазір осы салада жұмыс жасайтын дәрігерлер де жетерлік.

+1 дауыс

тіс қайрау ол аурулық себебі сол адамның ағзасында құрт немесе микроб бар деген сөз!Жазылып кет

–1 дауыс

Тіс ауру !!!!!!        ,

0 дауыс

әдет болуыда мүмкін.

0 дауыс

Ұйықтап жатып тіс қайрау - ішкі органдардың ауруының белгісі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
6 жауап
Белгісіз 20.05.2013 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
8 жауап
...