+1 дауыс
897 көрілді

қай елде бірінші приздент болды ж/е қай жылы

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Кім қай елде бірінші президент болыпты? 

Қазақстанда Назарбаев, Америкада Джордж Вашингтон алғашқы президенттер болған.

Кез келген уақытта, кез келген елде республика тізгінін алғаш болып қолына алған саясаткердің, яғни тұңғыш президенттің рөлі өте маңызды болған. Себебі бұл іс мемлекеттің негізін салумен бір­дей. Бірінші президенттің мемлекет алдындағы, халық пен тарих алдындағы жауапкершілігі орасан. Қай елде болмасын, тұңғыш президенттің қызметі жаңа бір тарихи ке­зең­нің басталуымен, реформалар заманымен сай келеді. Әлемдегі бас-аяғы 200-ге жуықтайтын мем­лекеттердің жартысынан астамы президенттік жүйедегі елдер екен. Солардың ішінде дана­лы­ғымен, даралығымен шоқтығы биік болған тұңғыш президенттердің өмір жолы – өзгеге өнеге.

Джордж Вашингтон – әділ саясаткер

Джордж Вашингтонды кейде әлемдегі ең алғашқы президент деп те атайды. Осы уақытқа дейін 44 президент ауыстырған АҚШ мемлекеті үшін президенттік құзыр­дың маңызы ерекше. Сол америкалық­тар­дың Джордж Вашингтонға деген құрметі мен махаббаты әлі күнге дейін суымаған. Та­рихта «АҚШ-ты құрушы әкелер» деген құр­метті атауға ие болған жеті адам бар. Сол топты АҚШ тәуелсіздігі жолындағы кү­рестің қаһарманы және Құрама Штаттар­дың бірінші президенті Джордж Вашингтон бастап тұр. Тәуелсіз мемлекет құру үшін сан түрлі соғыста ерлік көрсетіп, ақыр со­ңын­да елін дамуға қарай алып шыққаны мә­лім. АҚШ-та осы күнге дейін Тұңғыш пре­зи­дент күні мерекесінің тойланып келе жат­қаны жалпыға аян. Әр жыл сайын 22 ақ­панда америкалықтар Джордж Вашинг­тон­ның құрметіне алаңға жиналып немесе үйді-үйінде дастарқан жайып, әділ сая­саткерлерді ұлықтап отырады. Бұл мереке аме­рикалықтардың шынайы ықыласынан туғанына ешкім таласпайды. Себебі олар Джордж Вашингтонның туған күнін АҚШ-та президенттік құзырет пайда болмай жа­тып атап өтетін. Қазір аталған күнді той­лату­дың символы – шие ағашы екен. Бала кезінде Вашингтонға әкесі кішігірім балта сатып әпереді. Вашингтон ойнап жүріп сол балтамен шие ағашын шауып тастайды. Әкесі қатты ашуланып «мұны кім істеді?» деп сұраған кезде Вашингтон: «Әке, мен өті­рік айта алмаймын, мен істедім», – деп ту­ра жауап берген екен. Содан бері шие ағашы америкалықтар үшін әділ саясаткер символына айналған.

Мұстафа Ататүрік – жігерлі қолбасшы 

Өз халқын тығырықтан алып шыққан ру­хани көшбасшы, білікті саясаткер, қол­бас­шы, тұңғыш президенттердің арасында түркиялық Мұстафа Кемал Ататүрікті атауға болады. Бұл есім әлем тарихындағы ең көп зерттелген 100 тұлғаның қатарында тұр. ХІХ ғасырдың соңында әбден әлсіреп, ыдырау кезеңіне аяқ басқан Осман им­пе­риясы бірінші дүниежүзілік соғыста же­ңіліс­ке ұшырайды. Іргесі шайқалып, мем­ле­кет болу мүмкіндігінен біржола айы­ры­лып бара жатқан империяның жартысынан көбін Ыстамбұл, Ізмір, Бурса сияқты үлкен қа­лаларымен қоса, Батыстың ірі импе­риалис­тік елдері басып алады. Өз тари­хын­да ешқашан ешкімнің отарында болып көр­меген Түркияға енді біржола құрып кету қаупі төнеді. Осы уақытта түріктің ба­ғы­на туған қолбасшы, 40 жастағы армия генералы Мұстафа Кемал паша әскерді басқарып, бірнеше соғысты ұтымды жүргі­зіп, Түркия өз тәуелсіздігін сақтап қалады. Әри­не, Ататүріктің еңбегі соғыстағы қол­бас­шылықпен ғана аяқталмайды. Оның мем­лекет құрудағы, оны заманауи түрде ілгері дамытудағы рөлін аз уақытта айтып тауысу мүмкін емес. Мұстафа Кемал паша елді басқарған өмірінің соңғы 15 жылы ішінде көптеген реформалар жасады. Ол Ба­тыс үлгісіндегі, Еуропа демократиясына н­е­гіз­делген, гүлденген, дамыған түрік мемлекетін құрып, оның болашағын баян­ды ету үшін көптеген жаңа істердің ұйыт­қы­сы болды. Осы мақсатпен М.К.Ататүрік жаңа түрік парламентін ұйымдастырып, Конституциясын дайындады.

Қараның қамын ойлаған Раджендра

Есімі әлемге әйгілі тұңғыш президент­тер­дің қатарынан Үндістанның саяси қай­рат­кері Прасад Раджендраны ерекше атау­ға болады. Өзі бай ақсүйектер әуле­ті­нен шыққанына қарамастан, үнді жеріндегі қара халықтың мүддесін қорғаумен бол­ды. Үндістанды Британиядан азат ету жо­лын­да басын талай қауіп-қатерге тігіп, сан мәр­те қамауда жатқанын бүгінгі үнді жұр­ты ұмытқан жоқ. Прасад Раджендра өзін үн­ділердің рухани көшбасшысы Махатма Ган­дидің ізбасарымын деп есептеген. Үндіс­тан тәуелсіздік алғаннан кейін елдің тұң­ғыш президенті атана отырып, қолынан кел­г­енше тиімді реформалар жасаумен айна­лысты.

Орыс жұрты Ельцинді қолдады 

Тұңғыш президент мәртебесіне ие бол­ған саясаткерлердің арасында әртүрлі тұл­ға­лар бар. Мәселен, ресейліктердің Борис Ель­цинге деген көзқарасы бір жерден шы­ға бермейді. Кейбір тарихшылар оны Ке­ңес Одағын ыдырату арқылы таққа отыр­ған айлакер деп санайды. Дегенмен Ре­сей­дің қарапайым адамдары тұңғыш прези­дентіне шын се­ніп, оны қатты құрметтегені мәлім. Борис Ель­цин қайтыс болған күні халық оны ақтық са­парға қалай шығарып сал­ғанын қазақ­стан­дықтар да телеарна ар­қы­лы көрген бо­латын. Кремльден Мәс­кеудің сыртына қа­рай жаяулатып жол тартқан халықтың көз жасы көрінді.

Еуропадағы тұңғыш президент

Франция халқы Еуропа құрлығындағы алғашқы президенттің Үшінші Луи-На­полеон Бонапарт болғанын мақтан тұта­ды. Үшінші Луи Наполеон Бонапарт – өз елінде ерекше құрметпен еске алы­на­тын адам. Себебі ол ондаған жылдар бойы елде қатаң жүйе орнатқан бонапартизм­нен кейін Францияны республикаға құрылым­дауға атсалысты. Және оның аталған елдің тұңғыш президенті қыз­метіне бейбіт жол­мен келуі – тарихи факт.

Жаңа піскен қыздың еті,

Жаңалықтар қызметі.

Франция президенттерінің тізімі мен АҚШ президенттерінің тізімі.  Атақты қазақтардың тізімі.

...