0 дауыс
5.3k көрілді

Биология пәнінен ұлулар типі туралы керек?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

Бұл жерде ұлулар отряды туралы айтылған! Және де ұлуларды буылтық құрттармен салыстыру еш қисынға келмейді. Себебі буылтық құрттар мүлдем басқа типке жатады. Ит пен битті салыстырған секілді дүние.
0 дауыс

Жалпы мектеп бағдарламасында "ұлулар типі" деп айтады. Негізінен ол дұрыс емес. Моллюкалар типі болуы керек. Моллюкаларға: қосжақтаулылар, былқылдақденелілер, бауыраяқтылар немесе ұлулар жатады. 

Жалпы қазіргі кездегі оқулықтардың өрескел қателері көп. Тіпті "Әліппенің" өзінде қателер көбейіп кеткен. Балалар бір түрлі кітаппен оқымайды. Мен мектепте оқығанда 3 түрлі биология оқулығы болатын. Әр кітап әр түрлі сайрайды.

...