+1 дауыс

Мәнерлеп оқу жарысында Отырардағы той әнінің сөзі тез керек?

Қазақша ән 06.12.2013 7.1k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап


Той басталды Отырарда

Сырдың сұлу бойында

Кеудесінде оты жанған

Қызылқұмың қойынында

Аңыздарға аты қалған

Талай ақын толғаған

Осындай той Отырардан

Басқа жерде болмаған

Туған елім

Өскен жерім

Асқар белім

Сенсің әнім менің

Сәнім менің

Алақандай аялаған

Арманым да өзіңсің

Ақ тілегін аямаған

Ардағым да өзіңсің

Сендегі жас кәрінің де

Қуанышы мол болсын

Қазағымның әр үйінде

Дәл осындай той болсын

Отырардың күні бүгін

Қайта туды жаңғырып

Жылап жатты ұлылығы

Барлық аймақ-атырап

Әнмен бірге тербетілем

Күймен бірге толғанам

Осындай той Отырардан

Басқа жерде болмаған

Зіл қара жел қозғалғандай

Палуандар алысқан

Қызғалдақтай қыздары

қандай Көз тартады алыстан

Сол қыздарға оты бар жан

Жүрек оты жалғаған

Осындай той Отырардан

Басқа жерде болмаған

 

06.12.2013
127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,969Қолданушы