Сұрақ қоймас бұрын өзімнің шашым туралы айта кетейін.Менің шашым соңғы кездері жуған кезде түсетін болып жүр,және тарағанда да аздап.Соған қарсы репейник деген сусабын қолданғанмын.Бірақ оң нәтиже байқамадым.Шашымның көлемін кішірек көрсетіп жүр.Яғни бұл сусабын ұнамады)).Енді осы шаштың түсуіне байланысты бірнеше сауалдарым бар:
1)Әр жерден ақпараттарды оқи отырып байқағаным,қыстың кезінде бас киім кимегендіктен де шашқа зиян келеді дейді.Мен бас киім кимеуші едім.Бұл ақпарат рас па?
2)Витаминдер жетіспеуінен де түседі екен.Феррум(темір) жетіспесе,және тағы қандай дәрумендер жетіспегендіктен деп ойлайсыз?
3)Сусабынға да тікелей қатысы бар ғой.Қандайын ұсынасыз?Чистая линияны қолданып көрдіңізбе?Жақсы ма?Nivea сусабыны ше?