+2 дауыс
53.2k көрілді

Аққу- құстың төресі деген тақырыпқа ой толғай керек?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы»,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің«Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.[2]

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Қазақтар аққуды киелі құс деген:

Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.

Тундрадағы аққулар

Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.

Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.[3]

Аққу Аққу- өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланады. Әдемі құс аққудың өлер алдында «айтатын әні» жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. Аққу, әрине, ондай ән айтпайды. Ол жалпы әнші құстардың қатарына жатпайды да: сыбырлауық аққу жайлап қана сыңқылдайды, ал сұңқылдақ аққудың үні зор әрі әсем болады. Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тындаған тамаша-ақ. Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын бояу сермеп ұшып бара жатуы – естен кетпез ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру – одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы – артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағынды Австралиядан келген қарақумен тату-тәтті тұрады. Аққулар – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

+2 дауыс
Қазақ халқы аққуды татулықтың белгісі және махаббаттың белгісі санаған. Әу бастан қазақтар Аққуды атпа, Достықты сатпа деген. Бұл өте керемет мақал. Қазақтарда мақал-мәтелдер өте көп,соның бірі аққулар жайлы. Соның дәлелі

Аққу құс - көлдің көркі, ер жігіт - елдің көркі
Аққуды атпа, досыңды сатпа!
Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
Аққу құсқа оқ тисе қанатын суға тидірмес
Аққу менен қаз егіз,
Адай менен таз егiз.

Осы тәрізді тағы басқалары.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы»,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің«Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі-сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.Қазақтар аққуды киелі құс деген:Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.

Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.Тундрадағы аққуларОсыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған. Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген
0 дауыс
Аққулар... Бұл бір ерекше жаратылысқа көз тастап тұрып сұлулығына таңдай қағып,"Аққу - махаббат құсы" деп жатамыз. Ал сол махаббаттың жаршысына айналған құстың өміріне кім үңіліп көріпті? Тек символ ретінде ғана қарап қою - ағаттық болар, сірә. Жағымды құстың жаратылысы мен өмірі жайында білгіңіз келсе, төменге назар аударыңыз!

Ақулардың қандай ерекше қасиеттері бар? Аққулар – өте ақылды құстар. Олардың есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады.

Шипун-аққулардың көз көру қасиеті мен есту қабілеті жақсы дамыған.

Аққулар адамдарға қауіп төндіре ала ма? Аққулар өздеріне не көгілдірлеріне қауіп төніп тұрғанда мінез көрсететеніні болмаса, ешқашан да адамдарға шабуыл жасамайды.

Аққулар қалай көбейеді? Шипун-аққулары наурыз айына 5-10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.
Рахмееет маған өте пайдасы тиді!♡
0 дауыс
Аққу-киелі құс

Аққу- қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшілігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлық деген екі түрі кездеседі.

Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұшы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.
Құстарды қорғау – біздің міндетіміз.
0 дауыс
Аққу бұл тұқымдас тар-мағына қаз тәрізділер отрядынын, ішіндегі ірі құстар жатады

Олардың мойындары 20—25 омыртқадан тұрады. Түсінде жы-ныстық диморфизмі жоқ. Бізде аққулардың үш түрі кездеседі, оның ішінде көбірек кездесетіндері: 1. Үншіл ақщулар (Суgпиз суgnus). Олардың тұмсығының үсті бүтіндей қара, тек қана ас-тыңғы бөлімі сарғылттау келеді. Мойынын әр уақытта тік ұстайды. Шиқылдауық аққу (Суgпиз оlог) түмсығы қызғылт, оның түп жағында қатты дөңесі бар; мойнын “5” тәрізді қалыпта ұстайды.

Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Еркектері ұяларының маңайларында жүреді, бірақ баладан басып шыға-руға катыспайды. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.
Бұлардың терісінен “қүс ішіктерін” жасайды.

Қаздар тұқымдас тармағы (Апsегіпае). Бүл тұқымдас тармағына нағыз қаздар жатады. Олардьщ мойыны денесімен салыстырғанда қысқарақ келеді, ал мойын омыртқаларының саны 21-ден артпайды. Жыныстық айырымы болмай-ды. Қаздар, әсіресе тундраға көбірек тараған. Бізде 11 түрі бар. Көбірек тараған түрі сұрқаз (Апsег апsег). Осы Кездегі қолда өсірілетін қаздардың көпшілігі, сұрқаздан келіп шыққан. Қы-тайда және шығыс Сибирьдің оңтүстігін мекендейтін құрғақ мұрын (Суgпорsіs суgпоіdез) деген түрі кездеседі. Осы кездегі Қытайдың қазы деп аталатын үй қаздарының тегі осы кұрғақ мұрын қаздардан шыққан. Арктикада қараша қаздар (Вгаntа) және гуменниктер (Апsег fаЬаІіs) көп тараған.

Біздің қаздардың барлығы да — жыл құстар, ұяларын адам сирек кездесетін су қоймалары көп, батбақты және тоғайлы жерлерге салады. Қаздар суға қарағанда, құрғақ жерді көбірек мекендейтінін естен шығармау керек. Қаздар қоректерін жерден теріп жейді, ал су олар үшін ішуге, түлеу кезеңін өткізуге және тынығуға қажет. Қаздардың барлығы да жақсы жүзеді, нашар сүңгиді.

Ұяларын салуға еркегі де, ұрғашысы да қатысады, ал жұ-мыртқасын тек қана ұрғашысы басуы мүмкін. Еркегі ұяның маңайында жайылып жүреді немесе ішінде жұмыртқасы жоқ бос ұяда отырады. Қаздардың барлық түрі де 4—6 шамасын-дай жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 25—28 күн басады. Балапандары ұяларында бір тәуліктен артық болмайды, Жүндері құрғаған соң ата-аналарының соңынан еріп кетеді.

Қаздар тоғайлы жердің өсімдіктерінің жапырағымен, тамы-рымен, сабағымен және тұқымымен қоректенеді. Түлеген кезде бұлардың бірнеше жүздегені бір жерге жиналады. Түлегенде қанаттарының қауырсындары бір мезгілде түгелдей түсіп, жетіледі. Соның нәтижесінде, бұл уақытта қаздар ұшу қабілетінен мүлдем айрылады.

Қаздардың кәсіптік маңызы өте үлкен. Бұларды бізде Кас-пий теңізінің жағалауынан (қыста көбірек) аулайды. Еті дәмді, мамығы сапалы болады.
...