Менің жасым 21-де,бүгін астыңғы тіс бөлігінің соңына бір ауыртып тіс шығып келе жатқан тәрізді,анық білмей отырмын.Ақыл тісі шығуының белгілері қандай?жалпы неше жаста шығуы мүмкін?бұл тістің шығуы барлық адамдзатта болатын заңдылық па,не себепті шығуы мүмкін?өтінемін,білетіндер болса айтса екен,рахмет.
Тiстер пiшiнiне қарай күрек тic, ит тic, кiшi және азу тiстер болып ажыратылады. Тiстiң ең соңғы жұбы ақыл тiс адам 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбiрлерiнiң құрылысына қарай тiс бiр түбiрлi, екi түбiрлi және үш түбiрлi болып келедi. Бiр түбiрлi тicтерге алдыңғы күрек тiс және ит тiс жатса, үстiңгi жақ сүйектiң азу тiстерi үш түбiрлi ал астыңғы жақ сүйектiң азу тiстерi екi түбiрлi болады. Тiстiң барлық саны 32 тiс болады. Олар адамның ауыз қуысында үстiңгi және төменгi жақ сүйектерде екi қатар болып 16-16-дан орналасады. Жаңа туған балада тiс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тiстер шыға бастайды. Бұл сүт тiстер деп аталады. Бала 2 жасқа келгенде оның аузындағы тiстерiнiң саны 20-ға жетедi. Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тiстерi түсiп, оның орнына тұрақты тiстер шығады. Бұл тiстердiң өзгеpiп алмасуы 12-14жасқа дейiн аяқталады. Тiстiң cыртқы көрiнiп тұратын бөлiгi тiс сауыты оның жiңiшкерген жерi мойны деп аталады. Сүйегiне бекитiн бөлiгiнiң үcтi ақ түстi зат кiреукемен (эмальмен) қапталады. Оның астында қатты зат дентин жатады. Тiстiң iшi қуыс ол борпылдақ ұлпадан құралады. Оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтедi. Қан тамырлары тiске кенеулi заттар. ал жүйкелер оған сезiмталдық қасиет бередi. Ал ақыл тiстерге келер болсақ, ол сiздiң жасыңызда шыға бастайды. Тiс туралы мәлiметтер бiр кәдеңiзге жарап қалар.
Ақыл тіс жасқа қарамайды. Ақылың қашан толық жетіледі сол кезде шығады. Негзі ол тісті 25 жаста шығады дейді.
Ақыл тіс шыққанда қатты ауыратынын білемін....... Жасқа қарап шықпайды деп ойлаймын, өзімде 11-12 жас шамасында шыққан болатын. Барлық адамдарға болмаса да 80-90 пайыз шығады .
Менин жасым 19да маган акыл тис шыгуда. Бырак жартысы шыгып жартысы шыкпат . Казыр тисимнин Жан жагындагы еттери исип Тур . От калай...??