+3 дауыс
449 көрілді

Ақшам келесі айлықа жетпей қалады.Сосын бір шаруа шығып қалса қарыз алуға тура келеді.

4 жауап

+1 дауыс

Кеңестер: 

№1. Ақшаңыздың қайда жұмсалғанын жазып отырыңыз. Қанша ақшаңыз бар, қайсысы қайда кетті деп.

№2. Қайда жұмсарыңызда жоспарлап қойыңыз және тек орнымен жұмсаңыз.

№3. Айлық алған сайын керек болады-ау деген сомадағы ақшаны бөлек тығып қойыңыз. Келесі айлықты алуға жақын қалғанда немесе ойламаған шаруа шығып қалса шынымен-де көмектеседі.

№4. Қарызды алғанда алды-артыңызды ойлап, шамалап алыңыз. "Косякқа" кіріп кету қаупін ойлаңыз.

№5. "Сатып алған нәрсеге ешқашан да тоймайсың". Орынды айтылған. Майда-шүйдеге көңіл бөле бермеңіз.

№6. Банкоматтан ақша алған сайын 500-1000 теңге (өз қалауыңыз бойынша) тастап кетіп жүріңіз, келесі жолы да осындай сома қалдырып қойыңыз. "Тиыннан теңге құралады, тамшыдан көл құралады."  Ай сайын 500 теңге тастағанның өзінде, ойлап қарасаңыз, 5 айда 2500 теңге банкоматта керегіңізге дайын тұруы - аз олжа емес.

0 дауыс

Зарплатаңыздың бір бөлігін жоқ деп есептеңіз,,,,,,сосын Депозитке салып қойыңыз

0 дауыс

Ай сайын айлық жалақы алғанда 5000 теңгені есеп-шотта қалдырып отыруға дағдыланыңыз.

0 дауыс

Негізі бәрімізде солай.Сондықтан банкоматтан тек белгілі бір мақсатқа ғана алған дұрыс сияқты. Мысалы, қарыз 10мың болса банкоматтан тек 10мың ғана аласыз. Қалғанын тек қатты мұқтаждық болғанда ғана алыңыз. Банктен депозит ашып ай сайын 10 % салып отырыңыз ең құрымағанда 5000 тг-дей болса да.

...