+2 дауыс
9.1k көрілді
Кішкентай сіңлімнің сондай бір әдеті бар. Бір жаққа баруға жиналсаң мен де барамын деп аяғыңа оратылады . Алып барсаң көлік ішінде жүрегі айнып кететіні бар. Бензин иісінен бе..адамдар арасында қысылып отырғаннан ба?! Әйтеуір көлікке мінсе болды осылай болады . Не істеу керек?
сіңіліңді алдап-алдап үйге тастап кетси болды
Соған басы жетпей тұр деймісін?Барамын деп қоймаған ғой,сосын көңілін қалдырғысы келмей алып кетеді!Баламен жүру онай емес!
Барлық жауаптар мен кеңестерге рахмет. Өте керемет кеңестер Ұлықбек, Ерқанат, Ако, Мирас, Акося, Вирус аға , Қуанышбек,Nu рахмет сіздерге. Алла разы болсын! Екі дүние бақытын тілеймін!
мә сіз Мені айтуды ұмытып кетесіз бе әлде білмеймін!Сіздің барлық сұрақтарынызға жауап беремін ғой!Мына жердеде атымды жаза салсаныз қайтеді?))https://surak.baribar.kz/389659/%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B9-%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B-%D2%9B%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83%D1%88%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%8B-%D1%96%D1%81%D1%96-%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B3%D0%B5-%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B
Сені ұмытпаймын, жж басып отырмын ғой. Ия әрдайім жауап бересің  рахмет шын жүректен  . Ол жерде тек есіме түскендерін жаздым , сен әрине тамаша  қолданушысың. Назымбек, Ерқанат  , Сен өте белсенді  болып жүрсіңдер. Жазбады деп ренжіме.  Сендерге де бақыт, мағыналы өмір тілеймін. Жолдарың ашық, жүздерің жарық болсын. Жазылмай қалғандар ренжімесін, барлықтарыңды жақсы көремін. Осы сайттың дамып, орын алып жүргені сендердің арқаларың! Рахмет шын жүректен.

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Көлік қандай,Автобус па(маршрут),әлде кәдімгі машина ма 4 адамдық!Кәдімгі машина болса сол кезде терезені ашып қойыныз онын да көмегі болады!Ал маршрутта болса тоқтатып түсінізде,баратын жерге таксимен барыныз сәл қымбаттау болсада!Бұл өз ойым!

Ал мынау Массагет сайтынан алынған,мәлемет! Сілтеме,бәрі төменде жазылып тұр!     http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/12032

Жолда көлікте не автобуста жүрегіңіз айнып, құсқыңыз келеді ме? Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Адамдардың көбі жолда кішкене болса да, басы айналып, жүрегі айныйды. Кейбіреулерде бұл дерт ұшақпен ұшқанда не көлікте жүзгенде ғана байқалса, басқалары автобус не көлікке отырған сәтте-ақ құсқысы келеді. Бұл адамның вестибулярлық аппаратына байланысты болады.   

Сонымен жолды жеңілдетіп, жүрегіңіз айнымау үшін не істеуге болады?

Әрине ең бірінші кеңес көліктің өзіне байланысты болады. Мүмкіндігіңізшежаяу жүріп, көлік түрлерінен бас тартыңыз. Әрине қазіргі заманда жаяу жүріп, көлікті мүлдем қолданбау мүмкін емес. Сондықтан біздің кеңестерімізбен танысыңыз. 

Көздің фокусын өзгертіп көріңіз

Көліктегі жүрек айнуға тек біздің вестибулярлық аппараттың жүйке рецепторлары ғана емес, сонымен қатар көру рецепторлары жауапты. Дененің үздіксіз шайқалуы мен көліктің жылдамдығының өзгеруіне көз алдындағы көріністің дереу ауысуы қосылып, жүрегіңіз айни бастайды.  

Сондықтан көз алдыңызда ағып жатқан жолға көздің фокусын өзгертіп қараңыз, яғни көздеріңіз бұлдыр көретіндей қылыңыз. Осылайша сіз нақты объекттерді байқамай, терезе сыртындағы көріністі жалпы көресіз. 

Оқымаңыз

Көбіміз ұзын жолды қысқарту үшін, жалықпау үшін жолда кітап оқимыз, телефондарымызбен ойындар ойнаймыз. Бірақ бұл жолда жүрегіңіз айнуға үлкен септігін тигізеді. Көлік сілкігенде қолыңыздағы кітап не телефон секіріп, көзіңізге жаман әсер береді. Ал жолға қарамай отырғаннан кейін, жолдағы әр бұрылыс пен төмпешік сіздің вестибулярлық аппаратыңыз үшін күтпеген болып, әсері екі есе тезірек байқалады. 

Ортаны іздеңіз 

Көлік не автобустан шығып кетуге болады, ал егер сіз кеме не ұшақпен саяхаттап жүрсеңіз, одан оңайлықпен шыға алмайсыз. Сондықтан басы айналып, құсқысы келіп тұрған адам ұшақтың иллюминаторына, көліктің терезесіне, кеменің бортының шетіне отырғысы келетіні түсінікті, осылайша ол көліктен шығып кеткендей сезінеді. Алайда көліктердің ең шайқалмайтын тұрақты жері – ортасы. Сондықтан көлікке отырып, бірден ортаңғы жерді іздеңіз.

Тамырдың соғуы

Білектегі тамырдың соғуын өлшейтін жерді бәріміз білеміз. Сол жерлерді айналдыра отырып уқалаңыз. Тағы бір сондай "сиқырлы нүкте" құлақтың артында, астыңғы жақ сүйегінің маңында бар. Бұл нүктені уқаламай, оған басып тұру керек. 

Дәрі ішіңіз

Жолда жүрек айнымау үшін біршама түрлі дәрілер бар, егер сіз үшін жол нағыз тозаққа айналса, дәрілерге жүгінуге тура келеді. Бонин, драминсынды дәрілер біздің кейбір рецепторларымызды тежеп, вестибулярлы аппараттың хабарламасын орталық жүйке жүйесіне жеткізуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде басыңыздың айналғаны басылады. Бұл дәрілерді жолға шыққанда жарты сағат қалғанда ішіп алған дұрыс, бірақ олар ұйқыны келтіре алатынын біліңіз.  

+1 дауыс

сіңіліңді алдап-алдап үге тастап кетси болды

+3 дауыс
Көркем қыз оның екi себебi болады! Бiрiншiсi бензиннiң исiнен ал екiншiсi ыстықтан болады: Оның себептерi:Көлiкке көп мiнбейтiн адамдар сосын иммунитетi нашар адамдар бензиннiң исiне шыдай алмайды! Ал екiншiсi ыстыққа шыдай алмау: Сол ыстықтан терлеп соның әсерiнен жүрегi айнып құсады! Ал барынша болдырмау үшiн ащы құрт алып барып соны сору керек. Сосын машинаның терезесiн ашып сәл желдетiп алу керек.
+2 дауыс

Жоғарыдағы айтылғандай сол адамның иммунитеті аз болғаны, сосын асқазан бұзылғаны, көлікке көп отыру қажет,

бұрындары мен де машинаға отырғанда жүрегім айным құсатын едім, көп міне берсе кетеді екен

Жүрек айнуын басатын дәрілер де бар олар көмектеседі аптекадан барып сұраңыз

+2 дауыс

Көркем қыз! Сіңілің көлікпен көп жүруі керек. Өсе келе жүрегі айнымайтын болады.

+1 дауыс

жүрегі айнығанда құрт берсей.

+2 дауыс

Өз басымнан өткенді айтайын:

1. Көлікке отырғанда асқазаным аш болса бірден жүрегім айниды, сондықтан алыс немесе алыстау жерге барарда міндетті түрде тамақтанып (шәй, нан дегендей) шықсам жүрегім айнымайды.

2. Көлік ішінде жүрегім айнып кететкенде дұзалдған қиярдың суын ішкенде бірден басады екен..

3. Бірде алыс жолға шығарда жүрегім айнитынын сездім, сосын жүргізушінің айтуы бойынша сол бензиннің өзінен бір қасық ішіп алдым сосын жүрегім айнымады ))

Ол зиян емес пе?Бензин ішу?
+1 дауыс
Синилине су ишкиз сонда гана ол басылады
Керісінше!
су адамнын журегин одан сайын айдайды
+2 дауыс

Мннің де жүрегім машинаға мінгенде қатты айниды. Лоқсып құсамын. Үлкейгенде қоя десем коймады. Негізі баланы жастай машинаға отырғызып үйрету керек. Тастама бірге алып жүр, үйреніп кетеді.

+2 дауыс

Ондай әдет негізі үлкейген кезде кетуі керек. Үлкейгенде де кетпесе онда ол адамның өт жолы толып қалған болуы мүмкін.

0 дауыс

менин же журегим айнид бирак мен ащы заттар жейм сонда кояд мысалы Курт деген сиакты Жане машинада отырк Салам уйыктайм керек Су ищу керек Басты укалау керек мине осылар Коркем

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 25.04.2021 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
11 жауап
0 дауыс
1 жауап
...