Тақырыбыңды түсінбедім. Мүмкін "Болашақты болжай білген бабалар" шығар? №1 дереккөзде толық жазылған. Саған да еңбектенуге тура келеді, келтірілген дереккөздерден теріп-теріп , керегіңді алып жазасың. Басқа жолы жоқ.
Бір кезде елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,
— деп таусылса, Бұқаржырау:
Ай заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау түман-ай,
Істің бәрі күмән-ай.
Баспақ-тана жиылып,
Фәни болған заман-ай,
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірген заман-ай,
— деп толғанса, Мөңке толғамдары да белгілі бір дәрежеде солармен үндес.
Мөңке би:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатың
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетің
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады…
деп айтып кеткен екен. (дереккөз №1)
Қазақта: «Бір жылын ойлаған адам күріш егеді, он жылын ойлаған адам ағаш өсіреді, мәңгілікті мұрат еткен жан бала тәрбиелейді», – деген тәмсіл бар. (дереккөз №2)
Даналардың ішінде дәуірдің үш кемеңгері деп танылған Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің орны бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті ісіне сөз жеткізіп баға беру қиын-ақ. (Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ) (дереккөз №3)
Майқы биді әр деректерде "Майқы би", "Байқы", "Байқу" деп те атайды. Әкесі — Ман. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. (дереккөз №4)