+1 дауыс
88.9k көрілді
Бабалар ерлігі-ұрпаққа үлгі тақырыбына эссе қажет?

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді есыл ер —
деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.

«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.

Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанған болатын.

Қаһармандар қатарына Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигельдинов, Михаил Янко Егорович және 28-гвардиялы-панфиловшылар және тағы да көп ерлеріміз жатады. Қырғын соғыстың бел ортасында жүріп, қастарындағы жауынгерлерге күш-қайрат бере отырып өздерінің әңгіме, очерктерін, повесть, романдарын, өлеңдер жинағын жаза білген қаншама ақын, жазушыларымыз бар десеңші… Атап айтқанда Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Баубек Бұлқышев, Жұмағали Сайн және т.б.
Міне, біздің қаншама ер азаматтарымыз, жауынгер, жазушыларымыз қан майданда тер төгіп, елімізді, жерімізді жаудан қорғап, сонымен қатар өздерінің шығармаларымен жауынгердің патриоттық сезімдерін оятып, тірек бола білген.

«Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде, ажал аузында ерлік көрсетті олар. Осындай ердің образын беру үшін бөлекше теңеу, бөлек поэзия керек» деп жазады Б.Горбатов. Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары жерін қорғады, халқынын өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама!

Біз, яғни қазіргі ұрпақ, соғыс ардагерлерін, майданнан қайтпай қалған боздақтарды келешек үшін қанын төккені үшін басымызды иіп құрмет көрсетуіміз қажет, ол біздің адамгершілік парызымз. Адамзаттың алдындағы үлкен міндет осы тарихи шындықтарды болашақ ұрпаққа ешқандай өзгеріссіз жеткізу болмақ.
кешпейды есыл ер деген калай
+1 дауыс
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы - қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61мемлекет жан жақтан атсалысты.Р Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б. Момышұлы Ә. Молдағұлова М. Маметова Т. Бигелдинов М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қәзіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға қуанышты күнімізге жеттік.Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде,тіпті есімдеріне байланысты көшелер,кітап- жинақтар,ауыл атаулары берілді.Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті.
0 дауыс
Раxмет сіздерге көп көп!!!!!
0 дауыс
Маган елимизди когаган жауынгерлеримиз туралы малимет кажет отинем
0 дауыс
"Еңсептің ерлігі -
0 дауыс
казакпын робот емеспин нестеисин
...