+1 дауыс
580 көрілді

Процессорды орнынан қозғаймын деп пәлеге қалдым. Процессорды алып, қайта қондырғаннан кейін компьютер (дұрыс емес қондырылғаннан ба)  қосылмай қалды. Компьютердің өзі жалпы қосылып тұр, видеокартаның кулері айналып тұр, бірақ процессордың кулері айналмайды және монитордан ештеңе көрінбейді. Менің ойымша процессордың сокетіне зақым келген сияқты?

3 жауап

+1 дауыс

Штекерлері дұрыс қосылған ба екен, вентилятор ток сымдарының? Негізі, процессор кулерінің штекері бөлек орында болады, интернеттен қарап көріңіз.

Егер видюха істемей қалса, уақытша встроенныйын пайдаланып көріңіз, бұрынңысын ала тұрып. Негізі, видюха тістері өте нәзік болады.

негізі басында вентиляторы айналмай қалды. бірақ, айналмаса да қосылып жүрді. бүгін процессорды алып, қайтадан салып едім, компьютер қосылады, бірақ монитордан ештеңе көрінбейді, 10-15 секундтан кейін перезагрузка болады. штекері қосылып тұр
10-15 сек аралығында процессор қызып, содан өшетін болар.
процессор деген абайламаса қиын нәрсе екен
+1 дауыс

Процессордың ішіндегі камень орнынан қоғалып кеткен. Немесе процессор мен радиатордың арасына термопаста жағылмаған, не күйіп кеткен. Немесе материнкаға қосылатын штекер басқа жерге тығылған.

ал каменьді қалай қалпына келтіруге болады?
Каменьде контактілер көп. Сондықтан оны қайтадан дұрыстап ұясына орналастырып, бекітіп, термопастаны қайта жағып, радиаторды нығыздап орналастыру керек.
0 дауыс

процессордын кулерін орнына қойған соң, сымдарын жалғадың ба?

иә жалғадым
...