Процессорды орнынан қозғаймын деп пәлеге қалдым. Процессорды алып, қайта қондырғаннан кейін компьютер (дұрыс емес қондырылғаннан ба) қосылмай қалды. Компьютердің өзі жалпы қосылып тұр, видеокартаның кулері айналып тұр, бірақ процессордың кулері айналмайды және монитордан ештеңе көрінбейді. Менің ойымша процессордың сокетіне зақым келген сияқты?
Штекерлері дұрыс қосылған ба екен, вентилятор ток сымдарының? Негізі, процессор кулерінің штекері бөлек орында болады, интернеттен қарап көріңіз.
Егер видюха істемей қалса, уақытша встроенныйын пайдаланып көріңіз, бұрынңысын ала тұрып. Негізі, видюха тістері өте нәзік болады.
Процессордың ішіндегі камень орнынан қоғалып кеткен. Немесе процессор мен радиатордың арасына термопаста жағылмаған, не күйіп кеткен. Немесе материнкаға қосылатын штекер басқа жерге тығылған.
процессордын кулерін орнына қойған соң, сымдарын жалғадың ба?