Алғаш тіркелгенде оқымадым.Кейіннен түсініп,оқып шықтым.Қателер байқамадым.Көптен бері байқағаным сайтта балл үшін талас жиілеген сияқты.Жауап берер кезде,сұрақ қояр кезде бір жақсы игілік үшін емес,атақ-дәреже үшін жасалатындай.Кейін өзін мақтап тұрып сұрақ қоятындар да бар.Келешекте бұл сайтта жаңадан бір бет болса екен.Біз СЖ-да сұрақ қоямыз.Ал енді осы бетінде қарапайым қолданушылар өздері мәлімет жазып,сурет салып,видеолар салып т.б жіберіп отырса.Дауысқа салып әр апта соңында ең жақсысын таңдап отырсақ.Бұл беттегі салынған мәліметтер көшірме емес,қарапайым қолданушылар жасаған дүние болса.Бірі-ақын,суретші,биші,жас журналист,ғалым сияқты атақтар беріліп отырса,өз арамызда..Қысқасы,СЖ-да көрме секілді.Әр адамда бір өнер бар.Көріп,қызығып отырар едік.Әрине,бұл өз ойым