+3 дауыс
292 көрілді

Компьютерді толықтай қазақ тіліне аударуға болады ма?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Толық қазақша етіп аударуға болады. Бұл проблема да емес. Тек, аудару қажет пе? - деген сұраққа жауап беріп көрейікші?

1. Сұраныс өте аз.

2. Қазақ тілінің зонасы тар. Әдеби, мәдени, қарапайым деңгейдегі материалдар салыстырмалы түрде 14 млн. қазақ үшін норм болғанымен, халықаралық стандартқа сәйкес білім, ғылым, зерттеулерге қатысты еңбектерді қойып, аудармалар пайыздық көрсеткіші аз.

Осы екі басты себеп, табиғи түрде өз нәтижесін беріп тұр. Болашақта аударылатын шығар. Бірақ, болашақ бүгіннен басталуы тиіс. Мәселе аударуда емес, мәселе әр қазақша ойлайтын азаматтың жеке білім-ғылым, спорт пен мәдениетке деген жоғары талғамы. Бұлай болса, әркім өзінен бастаса, жат жаныңнан түңілер. Анау қазақша сөйлемейді, сыйламайды демес па едік. Өздері ұмтылар еді. Себебі, адам деген әрқашан жақсыға, дамуға ұмтылғыш.

0 дауыс

Менің ойымша мүмкін емес көөөөп уақыт керек қой оған компьютердің өзін аудара салуға боладығой бірақ ол үшін түгел программалар неро,торрент, браузерлер т.с.с көп қой компьютерге не қатысты соның барін қазақша жасау керек сонда ғана қазақша компьютер болады оған пока біздікілердің басы жетпиді деп ойлайм 

0 дауыс

Мозилла браузерінің қазақша нұсқасы бар. Қазақша Виндовоз ХР оперциялық жүйесі бар. Басқасын білмедім.

+1 дауыс
Болмайды. Егер компьютердің операциялық жүйесімен бірге қазақша болып келмесе. Компьютердің барлығын қазақшаландыруға әлі қазақтардың шамасы жете қойған жоқ. Ал бірақ кейбір бағдарламаларды қазақшаландыруға болатын сияқты. ал бірақ таза қазақша компьютерге қолымыз жақын арада жете қоймас. Ондай бар болғанның өзінде оны түсіне қоюымыз екіталай емес пе? "Баптау" деген не, анау не, мынау не?" деп отыратын шығар программисттердің өзі. Бірақ сонда да егер таза қазақша тілдегі компьютер шығатын болса мен мынадай күйде болар едім:
...