–1 дауыс
434 көрілді

Құрметті сұрақ - жауап сайтын қолданушылар, осы сайтқа неге жеңіл желпі сұрақтар қойылады? ғылыми сұрақ қойсаң ешқандай жауап ала алмайсың?сайттын жұмыс жасауындағы мақсаты неде?егер дұрыс жауап ала алмасақ?

3 жауап

0 дауыс

Бұл сұрақ-жауап сайты!Қандай сұрақ қойсақта оған ешкім ештене демеу керек!Тек сұрақты қойған ережені сақтау,сұрақ қоюдында өз ережелері бар, ұятсыз сұрақ қоймау,діни сұрақ қоймау!

 

7.1 Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі дін тақырыбындағы сұрақтар оңай емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды Қаттани атындағы Мешіттің ұжымына қойсаңыздар болады.

7.2 Сайттың әкімшілігіне айтылған жамандау, намысына келетін, дөрекі т.б. сөздер

7.3 Қиын оқылатын, сауатсыз жазылған сұрақтар мен жауаптар. Мысалы: "olaiiiiiiii emes", "бҰЛаЙ еМЕс"

7.4 Бос сұрақтар, Мысалы: «Қалыңқалай?», «Кімнеістепотыр?» және сол сияқты

7.5 Мағынасы жоқ, пайдасыз Жауаптар! Мысалы: "Әрине солай!", "Білмеймін", "Маған бәрібір", "Ал саған не керек?"

7.6 Сұрақ емес сұрақтар, яғни оның нақты жауабы жоқтар. Жауабы мынадай болатындар. Мысалы, «Өмір жақсы!», «Ал мен бүгін кешігіп қалыппын», «Суретіме баға беріңіздер»

7.7 Қайталанған Сұрақтар мен Жауаптар

7.8 Жарнамаланған сұрақтар мен жауаптар. Арнайы жарнама беретін сайттар бар. Жарнаманалған сұрақ, мысалы: «Кім менің Нокиа 6303 маркалы ұялы телефонымды сатып алады?» және т.б.

7.9 Жеке басқа қатысты сұрақтар. Мысалы: «Мен сіздерге ұнадым ба?», «Мен негізі сүйкімдімін, солай ма?» және т.б.

7.10 Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар

7.11 Алкаголді сусындар мен есірткіні жарнамалайтын сұрақтар мен жауаптар

7.12 ҚР-ның заңдарына қарсы сұрақтар мен жауаптар

7.13 Зиянды сілтемелері бар сұрақтар мен жауаптар, яғни вирусы бар сайтқа сілтеме жасалған

7.14 Сұраққа мағынасы мен мазмұны басқа жауаптар

7.15 Ізет немесе Тілмаш арқылы тікелей мағынасыз аударылған Сұрақтар мен Жауаптар

7.16 Сұрақтың түсініксіз қоюылуы. Сұрақ не туралы жөнінде білу үшін сұраққа шертіп келесі бетте сол сұрақ туралы толық оқитын. Мысалы: "Бұл не?", "Сұрақ ішінде","Көмектесе аласыздар ма?"

7.17 Сұрақ қоярда сұрақтың негізгі жеріне сұрақ туралы түсінікті етіп жазыңыз. Қолданушы сұрақ бетіне өтпей-ақ сұрақтың қандай екенін білуі керек. "Денсаулық туралы сұрақ? немесе Компьютер туралы сұрақ. Не істесем болады? "- секілді сұрақтар өшірілініп тасталынады. Сондықтан сұрақтың негізгі жеріне сұрақ не тақырыпта екенін түсінікті етіп жазыңыз.

 

Сайттың ережесіне байланысты сайт админі немесе модераторлар ақталуға міндетті емес. Біз өшірілуге тиісті деп тапқан сұрақ немесе жауапты өшіреміз, себебі ол сұрақ немесе жауап сайттың ережесіне қайшы келді. Қолданушының ережені бұзғандығына қарай модераторлар оның сұрақ пен жауаптарын өшіруден бөлек ол кісіні құлыптап қоя(Бан) алады. Тағы да бір рет Сайт ережесіментанысып шығыңыз.

https://surak.baribar.kz/faq толығырақ!

минусты қоймастан бұрын түсіндіру сізге өте қиын екен,,,,
А?Мен емес басқан себепсіз баса бермеймін!Білмей неге айтасыз?
онда ким кояды минусты?
мен қойдым мен
0 дауыс

нда қолданушы сұрақ қою үшін және жауап беру үшін тіркеледі

уәхәхей сенен жөнді жауап көрдім ау әйтеуір.
менікі ше?
+1 дауыс

Дұрыс айтасыз. Алайда қолданушыларды қатты қысып тастауға да болмайды. СЖ сайтының мақсаты "Білмегеніңді білу, білгеніңді үйрету." Сондықтан мұнда қолданушылар білмегенін сұрайды деп ойлаймын. Бірақ арасында сіз айтқандай "жеңіл-желпі" сұрақтар кездеседі. Мысалы: "Ең сұлу қыз кім?" деген секілді. Сондықтан ережеде жазылғандай мағыналы сұрақтар мен жауаптар жазайық!

...