0 дауыс
33.0k көрілді
Сонда өзiңдi қалай сыйлау керек, бұл өзiмшiлдiкке жатпай ма?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Озiндi сыйлау дегенiмiз ол - адамнын журiс турысы, жан тазалыгы жане тан тазалыгы. Егер адам алдымен оз озiне карап, таза журсе, киiмдi де жарасымды кисе, озi ушiн аркашан iзденiп бiлiмдi болса,  арине ол жан жагындагыларга сыйлы болады. Ал егер устi басын алба жулба боп сасып журсен сенi кiм жактырып кiм сыйлайды, солай бола тура сен бiреудi сыйлап коке, жаке дегенiнмен ол барiбiр сыртыннан айтады, ой койшы сол сасыкты, керек едi сол маган деп. Сол ушiн ар адам оз орнын бiлiп оз жолымен журсе адамдардын барi оны сырттай да iштей де силайтын болады. Озiн озi сыйлау деген осы. Ал озiмшiлдiк дегенiмiз ол мулдем баска, ягни бiреудi менсiнбеу, тек озiнiкiн дурыс санау озiмшiлдiкке жатады.
+5 дауыс
әрине, әр адам өз бағасын білу керек. Егер өзіңді төмендете берсен, ешкімнің алдында сыйлы бола алмайсын.
+2 дауыс
Тәккәппарлық па? Ол әлсіздік. Адам өзін сыйлату үшін, өзгеге паңдана қарау міндет емес. Өзін сыйлату үшін, өзін де, өзгені де сыйлай білу керек әрине. Ол сыйластық әке, жәке, көке деген сияқты жылпылдақ жағымпаздытар емес, қарапайым шыншылдық. Әділ болу. Ақиқатты мойындай білу. Шындықты мойындата білу. Себебі, ұлылық - қарапайымдылықта.

Арыстан арыстан екенін білдіру үшін  аңдарға тәкаппарлана қарамайды ғой, оның жаратылысы, характері мен мінезіне қарап аңдар өздері мойындайды. Қоян қанша тәкәппарланса да, арыстан болмаған соң, амал не сырт көзге қоян болып қала береді. Дегенмен, адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
+2 дауыс
Осы тақырыпқа  бір кездері шығарма жазған едім. Өзіңді сыйлау деген тек өзіңнің қасңды ойлау, тек өзіңе бар жақсыны алып, басқаларға қарамау деген сөз емес. Басқаларды сыйлату үшін өзіңнің тән сұлулығыңды ғана емес жан сұлулығыңды да ойлау. Өзіңді өзің сыйлап жақсы нәрселер жасасаң, басқаларға көмек берсең, олар да саған барынша көмектесіп, олар да сені сыйлайтын болады.
+3 дауыс
Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен?
Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан.
Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен
Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам…

Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде:
Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң – біткенің.

Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған:
Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған?
Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де,
Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде?

Іңкәр тірлік жолындасың.
Қимылыңа мән бер сен,
Қай кезде де еңсе бүкпеу – ердің басты құралы.
…Мен де кейде адамдығы аласарған жан көрсем,
Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады…

Бір белгілі бизнесменнің нақсүйері, сыңары,
Талай дарын ағып өткен,
Менің жастық шағым өткен
Алматыда, алма пейіл, сауда зейін қалада,
Жалт-жұлт еткен әсем тонын сары ала,
Гималайдың ең соңғы, ең атбалды,
Мекен еткен өр құзар шың шатқалды
Барысының терісі деп мақтанды,
Жанарында бір дарақы от жанды.

Бірақ менің бұл жел сөзге тіпті сенгім келмеді,
Жолбарысын жоғалтса егер – таулардың да өлгені.

Жоқ, Гималай, қасиеттім, сен тұра бер тағыңда,
Ізгілігін күдік басып,
Тағдырынан рух қашып,
Ұқсап әрі жойқын, ессіз ағынға,
Адамдарды малдық сана жетекке алған шағында
Және олардың қалуы үшін өз міндеті сабында,
Тәңір ойын жолбарыстың көзі арқылы қабылда…
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ой түзелсе, өрлер сенің бағың да!


//Шаханов
+1 дауыс
Өзіңді силау дегеннің өзі өзгені өзіңдей силау деген ғой.Өзгелерді өзіңдей силасаң ғана өзгелердің алдында силы боласың.Бұл жерде ещқандай тәкапарлық орын алмайды деп білемін.
Сіздің айтқанызбен толық келісемін.
Рахмет!!!!!!!!!!.
+1 дауыс
Осы айтылгандардын жане осыдан кейн айтылатындардын барлыгынын жауабына косылам)). Озге сени сыйлау ушин алдымен озинди озин сыйла,кадирле,сонда гана озге сыйлайды сени!
...