0 дауыс
36.4k көрілді

Аспан әлеміндегі қазақтың дүниетанымы туралы мәліметтер,мақалалар тауып бересіздер ме?мысалы,жұлдыздар арқылы бағытын анықтағаны сияқты..

Физикаға қатысты керек пе?

4 жауап

0 дауыс

Астрономия

Галактика

Астрономия — аспан денелері туралы ғылым

Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.

Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.

Комета

Метеорит

Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жүлдыздар жүйелері шар немесе оралым (спираль) бұтақтары тәріздес шоғырларды құрайды. Оларды галактикалар деп атайды.

Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің галактика деп атайды. Онда 150 миллиардтай жұлдыздар бар.

Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда

жетеді.

Жер Күнді айналып жүрген сегіз планеталардың бірі. Ай - Жерді айналып жүрген оның табиғи серігі. Басқа планеталардың да серіктері бар. Бұлардың барлығы Күн жүйесіне енеді. Біздің галактиканың сыртында тағы да жүз миллиондай галактикалар бар екені белгілі болды. Кейбір галактикадағы жұлдыздар құйын үйірген шаң-тозаңдай, спираль бойымен орналасқан. Аспандағы «құс жолы» - Біздің галактикадағы жұлдыздар жиі орналасқан сондай бұтақтардың бірі.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан түзіледі. Қазіргі астрономия жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан денелерінің қозғалысын да, ондағы өзгерістер мен процестерді де зерттейді.

Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі табиғат құбылыстарының сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында әлемдегі барлық құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды.

Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол - И. Ньютон ашқан Букіләлемдік тартылыс заңы.

Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолдану арқылы анықталды. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий (грекше гелиос - Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты.

Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады.

Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей нақты вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады.

Ай - Жердің табиғи серігі.

Э.Олдрин

Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдриннің ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген.

Ю. А. Гагариннің т9ңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы - космонавтика (грекше космос - ғарыш және наутик - кеме жүргізу) жедел дамып келеді.

Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді. Қазіргі астрономия сонымен катар бірнеше басқа салаларды да қамтиды. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласын космогония деп атайды. Космогония әлемдегі галактикалар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды, оларда кандай өзгерістер жүріп жатыр, деген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді.

жалпы аспан әлемі емес,ҚАЗАҚтың аспан әлеміндегі түсінігі туралы сұрадым.сонда да мәліметіңізге рахмет
Оқасы жоқ... Мен басқаша іздеп таба алмадымм... Кешірерсіз...
0 дауыс
Қазақтардың аспан әлемі туралы түсініктері

Көшпелі жұрттың аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан – байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.

Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мен маусымдардың, ай жаңалануының айналып келіп отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу мен қыстауға қай уақытта келу, қойды қай уақытта қырқу, қашан күйек салу, қай мезгілде көктеуге барып мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу оларды ауыр шығынға ұшыратты.

Табиғат құбылыстары: айналаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты. Шексіз – шетсіз кең далада мал бағу, үдере көшу, жолаушы жүру, жоқ қарау және аң аулау, төрт жағын анық айыруды, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт – бағдарды белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуға үйретті.

Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам – Сүмбіле (Үлкен төбет шоқжұлдызы), Таразы – Шідер – Үшарқар (Орион), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Персей, Андромеда, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан – ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Ал ақиқатында бұл ақ тұмандық шоғырланған сан миллиард жұлдыздардың алыстан көрінген өте әлсіз сұлбасы болып табылады. Құс жолы аталып кеткен бұл тұмандық (еуропалықтар «сүт жолы» деп атайды)

Темірқазық шоқжұлдызы және Жеті қарақшы.

Солтүстік аспан жарты шарының кіндігінде орналасқан шөміш іспеттес кіші 7 шоқжұлдызды және оған жақын орналасқан бірнеше шожұлдыздарды жылдың қай мезгілінде болмасын, әрдайым көріп отыруға болады. Жеті жұлдыздың ұшындағы жарық жұлдызды халқымыз – Темірқазық деп атап, «шөміш» түріндегі екі жарық жұлдызды Ақ боз ат және  Көк боз ат деп атаған. Егер бір сәт Темірқазық жұлдызынан төмен қарай түзу сызық жүргізсең, ол «үлкен шөміш» сияқты Жетіқарақшының түбіндегі екі жарық жұлдызды қиып өтеді. Жетіқарақшы шоқжұлдызының Темірқазықты айнала қозғалып жүруі аспан әлемінің сағат тіліне қарсы айналуының ең қарапайым белгісі болып табылады. Яғни, ғылыми тілде қазіргі уақытта аспанның солтүстік нүктесі Темірқазық жұлдызына өте дәл келеді. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бет алысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Жетіқарақшы оларға сағат қызметін атқарған. Оның қозғалысын, қосымша А-да көрсетілгендей, сағат тілінің қозғалысы ретінде пайдаланған. Түн ортасында Жетіқарақшы қайда, таң ата қайда болатынын білген, күзге таман түндер ұзарады, қой күзетушілер Жетіқарақшының орналасуына байланысты ауысып отырған.

Шідер немесе Таразы (Орион) шоқжұлдызы.

Қазақстан жерінде тамыз айынан мамыр айына дейін әлем жарты шарының солтүстік – шығыс жағында «X» сияқты немесе «ромба» түрінде 5 жұлдыз үнемі көрініп тұрады. Оны халқымыз Шідер немесе Таразы шоқжұлдызы деп атаған. Бұл шоқжұлдыз төрт түліктің жайымен жиі көшіп – қонып отырған халқымыздың белгілі бір жыл маусымдарын дәл анықтауына және соған қарай қам – қаракет жасауына игі ықпал еткен. Яғни, бұл шоқжұлдыз басқа шоқжұлдыздармен салыстырғанда Қазақстан жерінде едәуір көп көрініп тұрады. «X» немесе «ромба» тәрізді шоқжұлдыздың дәл ортасында үш жұлдыз қатар көрінеді. Мұны халқымыз «үш арқар» деп атаған.

Сүмбіле жұлдызы.

Сүмбіле (латынша – Сириус) жұлдызы - Үлкен төбет шоқжұлдызының құрамындағы ең жарық, ақшыл түсті алып жұлдыз. Қазақстан жерінде Сүмбіле жұлдызы күзді күні туады. Солтүстік аспан жарты шарынан Сүмбіле жұлдызын табу үшін Таразы шоқжұлдызынан көкжиекке қарай ойша түзу сызық жүргізсек жетіп жатыр. Мамыр айында Қазақстан жеріне көрінбей кеткенде, Сүмбіле жұлдызы аспанның оңтүстік жарты шарына ауысады.

Шолпан жұлдызы.

Көшпелілердің өмірінде – Шолпан жұлдызының ролі аз болған жоқ. Шолпан күн шықпай немесе күн батқан соң көрінеді. Әрбір жайлауға және жайлаудан көшу уақыты Шолпанның туына байланысты болған. Шолпан жұлдызы кешкі күн батарда батыста көрінсе, оны «Тұл қатын» деп атаған. Бұл атау Шолпанға, қыста күн батарда батыста көруіне байланысты қойылған. Өйткені, қыста кешке қарай аяз күшейеді. Шолпан (Зуһра, Керуен, Өмірзая) Күнді 0,61521 жылда немесе 224 тәулік 18 сағат 17 минутта айналып шығады.

Кіші Шолпан жұлдызы (Меркурий).

Шолпан жұлдызының таңмен бірге туатыны белгілі болса, Кіші Шолпан күн шығардан бұрын шығады және Шолпаннан кіші болғандықтан солай аталады. Меркурий жұлдызы күнді 0,24085 жылда немесе 87 тәулік 53 сағат 7 минутта айналып шығады. Кейде оны Болпан деп те атайды.

Қазақтар Юпитер жұлдызын Есекқырған деп атаған. Юпитер – Күнді 11,86223 жылда немесе 11 жыл 314 тәулік 22 сағат 4 минутта айналып шығады. Он екі жылды хайуанаттар мүшелдерінің пайда болуын осы Есекқыррған нысанының Күнді айналып шығу уақытымен байланыстырады.

Марсты қазақтар Қызыл жұлдыз деп атайды. Кейде Аңырақай деген ат та кездеседі. Марс – Күнді 1,880089 жылда немесе 686 тәулік 23 сағат 13 минутта айналып шығады.

Қазақ қауымы аспан әлемін бақылау арқылы метеорларды – аққан жұлдыз деп, кометаларды құйрықты жұлдыз деп атаған.

Үркер жұлдыз шоғыры.

Үркерді білмейтін қазақ жоқ десе болады. Ол Торпақ шоқжұлдызыны құрамындағы жыпырлақ, бір – біріне жақын орналасқан ерекше жұлдыз шоғыры. Әсіресе, қысты күндері түнге қарай тас төбеде көзге шағылысып жалт – жұлт етіп тұрады. Адамдардың көпшілігі Үркердің 6 жұлдызын, көзі қарақтылары 7 - 8 жұлдызын көре алады. Телескоппен қарағанда Үркердің алқабынан 180 - 200 жұлдызды көруге болады. Б.з.д. 4000 – 3000 жылдары көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі жуық түрде Үркер жұлдыз шоғырына сәйкес келген. Қазіргі уақытта көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі прецессия құбылыс салдарынан Торпақ шоқжұлдызынан Тоқты, одан соң Балықтар шоқжұлдызна ауысып кеткенімен, ерте замандарда халқымыз тоғыс есебі деп аталатын күнтізбе жүйесін осы Үркер мен Айдың әрбір 27 - 28 күнде бір рет «тоғысуына» негіздеп жасаған. Яғни жыл басын қазіргідей қыс ортасы қаңтардан емес, күн мен теңелген көктемнен бастауға дағдыланған халқымыз үшін Үркер жұлдыз шоғыры өте қолайлы болған. Жер бетіндегі ең кәрі күнтізбелеріне жататын тоғыс есебінің негізіне Үркер мен Айдың Күндік жыл ішінде 13 рет «тоғысатын» күн алынған.

Табиғат сыры біздің ата – бабаларымызға  да жақсы таныс. Ата – бабаларымыз келесі  жылдың ауа – райын қалай болатындығын немесе жыл айларының қалай басталып, қалай аяқталатыны туралы сол мезгілдегі таңнын атуы, күннің батуы, жұлдыздардың жарқырауы, Құс жолының орналасуы, Шолпанның тууына қарап болжап біліп отырған. Сондай – ақ төрт түлік малдың күй алуы, өрістен қайтуы, дыбыс шығаруы (мөңіреуі, маңырауы, кісінеуі, боздауы) да алдағы күннің райын білуге көмектескен. Мысалы, қыс қатты жылдары малдар өте күшті қоңдылық ала бермейді және сиыр, қой малы аяғын көсіліп ыңыранып күйіс көп қайтаратын болған. Ал малдар өріске беттемей мазасыздана бастаса ауа – райы онша қолайлы бола қоймайды деген сөз. Халқымыз аң – құстардың да тілін түсініп, олардың өміріндегі өзгешіліктерінен алдағы күннің қалай болатындығын жобалап, соған орай қам қылған. Атап айтсақ, қыс қатты болатын жылдары құстар улап – шулап топтасып жылы жақтарға ерте қайта бастайды. Су құстарының мезгілінен бұрын келуі – ерте көктемнің хабаршысы көрінеді. Ал керісінше қарақұс, сауысқан секілділер ерте келсе, көктем кешігіп мал шығыны өте көп болатынын білдіреді. Ата – бабаларымыз жұлдыздардың жарқырауынан да сол жылдағы қыстың аязды және қардың аз жауатынын болжаған. Күн қызарып шықса және  шығыстан ақсары шапақ сәуле аспанға көтерілсе жуық арада күн суытатынын анықтайды, яғни шығыстан суық ауа массасы келеді. Керісінше қыс, көктем айларында күн батарында қызарып батса, онда ертеңгі күн және бірнеше күнгі ауа – райы өте жақсы қалыпты жағдайда болады.

Халқымыздың «Ай қорланса – аяғынды сайла, Күн құлақтанса - күрегіңді сайла» - деп уағыздауында үлкен ғылыми болжам жатыр. «Ай қорланса аяғыңды сайла» дегені – Ай  Жер шарының мәңгілік серігі және Жерді үнемі айналып тұрады. Қазіргі география, астрономия ғылымында Жер мен Айдың параллель келу градусы тепе – тең 90°- қа келгенде Солтүстіктен және Оңтүстіктен суық ауа шұғыласы шағылыспайды да, сол кезде Жерге Ай қорлана көрінеді. Осы кезде Орта Азияда құрғақтау, жылы ауа массасы тұрақтанады. Шаруашылықта ілгері басқандық, малда амандық, төл көп ереді деген мағына береді. Жалпы ауа – райы жақсы болады. Ал «Күн құлақтанса – күрегіңді сайла» дегені – Күн құлақтанғанда, Жер шарында, әсіресе Орта Азияда күн суытып, солтүстіктен циркуляция, яғни суық ауа массасы желмен қар алып келеді. Бұл кез шаруашылыққа өте қолайсыз осыны ерте кезден білген ата – бабаларымыз табиғаттың дүлей күшіне дайын болу керек деп ескертеді. Қорыта айтсақ, табиғат заңдылықтарын зерттеудегі халықтық қағидалардың орны ерекше.

Ұқсас сұрақтар

...