+2 дауыс
422 көрілді

Сайттарым бар, атыма тіркелген бірнеше домендерім бар. Домендерімнің біразын достарым жүргізіп отыр, мен тек иесімін. Жаман айтпай жақсы жоқ дейді, бір күні қу пәниге қолды бірсілтеп кете барсам, сол хостингтер мен домендерге кім мұргер болады екен? Хостерге қандай құжат керек парольдерін алу үшін?

2 жауап

+2 дауыс

Жақсылап ойлану керек саған!  көп болса жасың жирманың ар жақ бер жағы шығар мұрагер жайында ойлап жүрсің. Осындайда сұрақ болама? Ренжиме бул сурағыңның жауабын алу үшін емес домендерің бар екенін айтып қалу үшін қойған сияқтысың

+2 дауыс

Өте жақсы әрі орынды сұрақ. Алдын осындай сұрақ мені ойландырмаған екен. Біздің елде доменге жауап беретін nic.kz атты мекеме бар. Қызметі:

"Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі келесі мақсаттарға жету үшін құрылған:

Интернет желісінде .KZ домендік атауын қолдануына басқару және бақылау үшін тораптық ақпарат орталығы болады;
KZ домен бөлігінің Интернет поддомендерін қолдануын басқарып және бақылайтын кооперациядағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен барлық қажетті келісімдерге сәйкес;
KZ зонасындағы домендік атаулардың қолданылуын орнату, басу және әкімшілендіру;
Интернет домендік атауларын тіркеуде қолдау көрсету;
KZ зонасында тіркелген домендік атаулардың өзгерулерінің авторизация үрдісін орнату және енгізу;
KZ зонасындағы тіркелген домендік атауларды іздеу үшін нұсқаулар ұсыну;
Интернет DNS(Domain Name Service) қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Интернетте (DNS, WHOIS) тіркелген поддомендер туралы қатысты ақпарат ұсыну;
KZ екінші деңгейдегі домендік атаулармен әкімшілендіру және басқару бойынша құқықтарын ұсыну.

 

Сайтта көптеген құжатнамалар бар екен. Бірақ тура осы тақырып бойынша ақпарат таппадым. Егер өзім хостинг алып, домен қызметін атқаратын ps.kz компаниясына осы тақырыпта хат жазып сұрап көрмекпін. Келген нақты жауапты осы жауаптың астына жазып толықтырып өтетін боламын.

Толықтыру: https://www.facebook.com/yerbol89/posts/752243138122627

Құдай сақтасын. Ондай жағдайда домен тек домендік емес, ал мүлік ретінде қаралып, Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде нотариус және сот шешімі арқылы әрекет етіледі (завещание, анықтама итп). Себебі жеке мүліктің Заңдарда үлкен кіші деген түсінігі жоқ - бәрі үшін заң ортақ
...