0 дауыс
13.7k көрілді

Салеметсіздер маған Күміс туралы жақсы мәлімет тауып бере аласызба коп болса жақсы болар еді

3 жауап

0 дауыс

Күміс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күміс Ag

Күміс (латынша Argentum), Ag – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат. н. 47, ат. м. 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3, саф К., т.б. К. жұмсақ, созылғыш (1 г К-тен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығызд. 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. К-тің активтігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары темп-рада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. К. қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада К. препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртех. және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда К. Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.

Мазмұны

  [жасыру] 

1 Күмістің жартылысы
2 Тарихы
3 Күміс кені
4 Қолданылуы
5 Пайдаланылған әдебиет

Күмістің жартылысы[өңдеу]

Магмалық , көбінесе гидротермалық және ол жер бетінде күмісті минералдардың үгіліп бұзылуынан пайда болады. Мысалы, күміс сульфид кендерде, әсіресе қорғасынды минералдар арасында көп болады. Жаратылыс жағынан күміс алтынға көп ұқсайды. Бірақ онан айырмасы —күміс жер бетінде алтындай тезімді емес, беті қарайып азырақ тотығады және құрғақ климатта хлорға қосылады. Алтынға қарағанда күміс көп тарамаған минерал. Күмістің еритін қышқылдары — HN03 , HC1, тотығатыны — H2S.[1]

Тарихы[өңдеу]

Күміс өте ерте заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланылып келеді. Мысалы, Мысыр фараоны – Менес заманында (біздің заманымыздан бұрынғы 3600 жылы) күміс алтыннан 2,5 есе қымбат болған. Одан күміс теңгелер, зергерлік бұйымдар жасалған. Күміс 16-ғасырдан 19-ғасырдың аяғына дейін Еуропа елдерінің ақша айналымында (күміс монометалл не биметалл) болған.

[A.]
Таза күміс.

19-ғасырдың аяғында елдердің көпшілігі алтынға (алтын монометалы) ауысты. Күміс валютасы Қытайда, Иранда, Ауғанстанда 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін сақталды. Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3, саф күміс, т.б. Күміс жұмсақ, созылғыш (1 г күмістен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығыздығы 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Күмістің белсенділігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. Күміс қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада күміс препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртехникалық және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда күміс Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.[2]

Күміс кені[өңдеу]

СССР жерінде Солтүстік Уралда, Қазақстанда, Алтайда, Шығыс Сибирьде т. б. кездеседі. Бірақ оларда күміс онша көп емес.

Қолданылуы

Ақша (валюта), химиялық ыдыстар жасау, ас ыдыстарын жасау, әр түрлі қорытпалар жасау үшін қолданылады.

Пайдаланылған әдебиет[өңдеу]

↑ a b c Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
↑ “Балалар Энциклопедиясы”, V-том

 

 

+1 дауыс

Bigox.kz

осы сайтта реферат түрінде кездеседі, қысқаша анықтама түрі де бар

сайтын айтасыз ба
+1 дауыс

http://ru.wikipedia.org сайттан қалаған мәліметті іздеуге болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 2.05.2021 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Талшын 21.02.2017 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
...