+2 дауыс
3.2k көрілді

Жыныстық тәрбие неше жастан басталу керек? "Жыныстық қатынас " деп басталатын сұрақтарды редакторлар неге бірден +18 деп өзгерте бастайды?  ептібайымайттар" деп қоймағасын сұрақты қайта аштым! )

Себебі сайтта кішкентай балалар бар. Сондықтан өзгерттім әлгі сұрағыңды.
Ал, сұрақты ашқан кім?!)

Сұрақты жапқан мен едім. Себебін авторға жазып, былай жеке хат жөнелген:

"Құрметті Сигма! Сұрақ қою еркіндігі бар екен деп, шектен шығуға да болмас.
- Бұндай характерлі сұрақ сайт қолданушыларының басымының жас ерекшелігіне сәйкес келмейді;
- Жеке басқа қатысты ересектерге арналған сұрақты қоярда, барынша ресми әрі медицинаық терминдерді қолдана отырып, әдепті қоюыңызды сұраймыз;
- Бұндай сұрақ қатты мазаласа, урологқа барыңыз немесе гугл в помощь!

Сайт контенті барынша таза, тәртіпті болсын деген ой ғой.

Түсіністікпен қарайсыз деген ойдамын.
Құрметпен, сайт модерациясы."
"Ал, сұрақты ашқан кім?!) " Сұрақты ашқан мен..........
Бұл жерде Сигма сайт ережесіне еш қайшылық жасап тұрған жоқ, сайт кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған деген  ереже жоқ. Егер олай болса біз не істеп жүрміз ұл жерде? Сондықтан бұл жерде сұрақты жабудың себебін көріп тұрғаным жоқ.
nurbolat1995, сен сұрақтарды көп уақыт өтпей жатып жақсы жауап деп белгілеп тастайды екенсің, олай болмайды. Сұрақ қойған қолданушы өзі белгілеуі керек жақсы жауапты көп жауаптың ішінен.
жақсы.                .

3 жауап

+1 дауыс

Сигма, бұл жерде университеттің қатысы қанша?

Қарағым ау, мына ептібайымайттардың модерация жаған түрі ғой, түп нұсқасы былай еді: Жыныстық, тәрбие неше жастан басталу керек?
Онда кешірім сұраймын,сайтта сауатсыз, өзім білемін өңдегіштер көбейіп кетті. Мұның Ал-Астерге еш қатысы жоқ.
+5 дауыс

Бұл сұрақты қойғандағы мақсатым, кім қалай ойлайтынын білгім келгені еді. Негізі жыныстық қатынас деген жаман сөз емес. Бірақ сайттың реакциясы басқаша болды. Сұрақ мәтініне зер салып оқысаңыздар, ешқандай да бейәдептілікті көрмейсіз. Негізі қырқысқанша дым жауапсыз, пікірсіз қалдырғандарың дұрыс еді. 

Сайт қолданушылары жас деген пікірді алға тартып, өздеріңше ақылды болмаңдаршы, өтінемін. Жасболғанда неше оқиды? сұрақтардың деніне қарасам 8 сыныптан жоғары, біренсараң 7 сынып оқушылары болар. Ал осы балдар, бала болғанда интернетке қолы жеткен балдар, (балдардың ішінде қыздар да бар) порно қарамайды деп ойлайсыңдар ма? Осындай жас өспірімдер ерте есеймейді деп ойлайсыңдар ма? Әке шешесі порно сайттарды жауап тастады деп ойлайсыңдар ма?

Ойласаңыздар қателесесіздер. Міне осы алтыншы сынып жасынан бастап тәрбие беру керек, тығылып қараған порноларының салдары не болатынын миларына құю керек.

Сол кезде қоғамымыздың дені сау есі дұрыс болады.

Сіздікі дұрыс.
Осы сұрақ менің тарапымнан жабылған болатын.
Мен Сізге кінә артып, өзімнің позициямды алға жылжытудан аулақпын. Сөздеріңізге келісемін. Бірақ, өз көзқарасыңызды білдіру үшін, басқаларды ақылсыз деп тану азаматтыққа жатпас деген ойдамын. Жоғарыдағы пікір мазмұнын солай түсіндім.
Білместікпен сұрақ қойылмаған екен. Өзіңіз қойған сұраққа қатысты қандай жауап ұсынасыз?
Бұндай тақырыптағы сұрақтарға мен теріс көзқараста емеспін, тек менталитеттік түсінік шеңберінде ғана кейбір тұста шектеулік таныту керек деген ойдамын.

Сұраққа өз тарапымнан қатысты берілетін жауап (аздаған оффтоп):
"Порнографиялық жанрдағы видео, адамның психикасына әсер ету ықтималдығы бар. Себебі, факт түрінде орындалатын әрекетті визуалды түрде қабылдау, адамның нервтік, невроз жүйелерін алдауға әкеліп соғады. Соңында, рас пен өтірік әрекеттің айырмашылығының аралығында ұқсастықтар орын алуы мүмкін. Бұл дегеніміз, факт және визуалды әрекеттер арасындағы әсерлердің араласуы, әрине табиғилықтан әлдқайда алыс.

Жалпы, порнография мен эротика айырмашылығы көп. Эротика да өзінше бір мәдениет, бірақ оны түсінбей тұрып көрген адам, өз түсінігіндегі білімімен ғана қабылдау ықтималдығы бар.

Бұл индустрия қазірде көп таралып кетті, басты себеп: жоғары сұраныс пен пайда. Алайда, өзін-өзі және өзгені сыйлай білетін адамдар бұл әдеттен аулақ болады деген ойдамын. Азаматтық парыз, дәстүр мен дін және моральдік тұрғыдан, бұлар тыйым салынған атаулар қатарында."

Сілтеме: https://surak.baribar.kz/377209/
Иә,Нұржолдың жауабы керемет, мен бұндай сұрақтарға не жауап берсем екен деп отырар едім...
0 дауыс

Менің де осыған ұқсас сұрағым бар еді https://surak.baribar.kz/183436/

...