Бүркіт басына кигізілетін былғары көзқаппен бүркітті баптап-баулу үшін, оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және жақындағанды шап беріп бұру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Сондықтан, қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан, өз ортасынан аз да болса бөлектенеді. Бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын баскиімді құсбегілер "томаға" деп атайды. Жұмсақ қалың былғарыдан тігіледі, алқымында екі қайыс бауы болады. Құстың Томағасы аңға жіберілген кезде сыпырылады.
Дабылды аңшылар аң-кұс үркіту үшін қолданады.Саятшы дабыл қағып үйрек,қаз,қарабауыр,шіл,қырғауыл сияқты құстарды үркітіп ұшырып барып қолдағы құсын босатып,үркіп ұшқан жабайы құсты ілдірген.