+1 дауыс
2.0k көрілді
Жаңалықтардан айтып отырады ғой."Катрина дауылы соқты","Торнадо дауылы зиян келтірді" т.б Ол дауылдарды неге олай атайды? Кім ондай атаулар берген? Айырмашылық жайлы да айтып кетіңіз. Тағы қандай дауыл атауларын білесіз.
ТАЙФУН (ағылш. typhoon, қыт. тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты. Тайфун көбінесе жаз бен күзде Филиппин және Маршалл аралдарының аралығында түзіліп, сағатына 10 – 20 км (тәулігіне 350 – 500 км) жылдамдықпен солтүстікке, солтүстік-батысқа жылжиды. Құрлыққа жеткеннен кейін солтүстіктен, солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, сағатына 30 – 50 км (кейде 100 км-ге дейін) жылдамдықпен Жапон аралдарына барады. Тайфун жолында тропиктен тыс циклонға айналады. Одан әрі Амур-Сахалин аймағы мен Курилл аралдарына, кейде Камчатка түбегіне дейін өтеді. Жыл сайын 20 – 25 (кейде 45-ке дейін) Тайфун пайда болады. Әрекет ететін уақытының ұзақтығы бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін созылады. Орт-ндағы ауа қысымы 960 – 970 мбар, кейде 900 мбар-ға дейін төмендейді. Төмендеу қысымды орт-нда жел сағат тіліне қарсы бағытта ұйытқып, сұрапыл күшпен (жылдамдығы 50 м/с немесе 180 км/сағ., кейде. жылдамдығы сағатына 300 – 400 км-ге жетеді) соғады. Тайфунның төмендеу қысымды орт. мұхит бетін сорып, сол тұста деңгейін көтереді. Циклондағы мұхит деңгейінің айырмасы жағалауға жеткенде жойқын күшке айналады. Биіктігі 15 – 17 м, кейде 20 м-ге жететін толқын жолында кездескеннің бәрін қиратып, үлкен апат әкеледі. Мәселен, Жапон аралдарында өткен бір Тайфун кезінде мұхит деңгейі 2 м көтеріліп, 10 мин. ішінде екі ірі қала – Осака мен Кобе қатты қирап, 3 мыңдай адам шығыны болып, 15 мыңнан астамы жарақаттанды. Тайфун өткенде нөсер жаңбыр жауады (кейде тәуліктік мөлш. 1000 мм-ге жетеді). Тайфунды алдын ала болжаудың маңызы зор. Халықаралық келісім бойынша арнаулы метеоролог. Жер серіктері Тайфунды суретке түсіріп, оның түзілуін және ауысу бағытын хабарлап отырады. Бұл ашық мұхиттағы кемелердің бағытын өзгертуге, жағалаудағы халықты алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі метеорологтарының келісімі бойынша жаңа түзілген әрбір Тайфун әйел атымен аталады.

1 жауап

+1 дауыс

ТАЙФУН (ағылш. typhoon, қыт. тай фын – үлкен жел) Бұл тек жай ғана мысал.Тарнадо дегеннің де осындай бір мағынасы бар шығар.

Ураган - Қаз. Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.

Дауылды жел — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады.

Торнадо — диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір күші бар дауыл.

...