+3 дауыс
425 көрілді

Мысалы,өмірді өмір деп,адамды адам деп,біз білетін барлық атауларды кім атаған,қалай пайда болған?(сұрағымды толық жеткізе алдым ба білмедім...)

Иә...Меніде осы сұрақ ойландырып жүрген!+1
қазір,мысалы,бір жаңалық болса,бір зат ойлап табылса оған сол адам атау береді..өзінің атын қояды немесе басқа тілдегі бір атауды қояды..ал енді о баста сөз қалай пайда болған екен?адам кім екенін,өмір,тағдыр не екенін білеміз..ал сол атауды кім қойған...Сж-дан жауап күтейік..бәлкім бұл мағынасыз сұрақ шығар..сонда да білгім келіп тұр

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ол қазіргі ғылымдар үшін шешілмеген жұмбақ болып саналады. Тілдің пайда болуы жөнінде қазіргі көптеген ғылыми жорамалдар бар. 

1.Табиғи дыбыстардан шығуы (мысалы: су - сөзінің аталуы)

2.Ойламаған жерден пайда болуы (адамдардың генінде бұрыннан бар екендігі туралы болжам)

3.Ым арқылы пайда болуы (мысалы біреуге бірдеңе ымдап көрсетіп, сол арқылы оған атау берілген)

4.Тілдің жоғары күштер арқылы жаратылуы

Бұл болжамдардың әр-қайсысының жетіспеушіліктері бар және ешқайсысы дәлелденген жоқ 

0 дауыс
Ол белгісіз ғо...Басында адамдар бір-біріне қатты дыбыс шығарып(ысқырып т.б дегендей)белгі беретін болған.Содан соң жайлап-жайлап дами берген шығар.Мысалға байағыда техника деген болмаған,электр токтары болмаған,ол кездегі адамдар бұндай заманды түсіндеде көрмеген,бірақ дами-дами барлығы болды,қазір бәрі бар.Сол сияқтығо тілде.
0 дауыс
Ия бұның да сыры ашыла жатар! Бірақ бұған лингвистер әлі де бірнеше ғасыр тер төгу керек сияқты. Бұл атаулардың барлығына 18мың ғаламды жаратқан Аллах-Тағала берген. Бірақ қолдан келмейтін нәрсеге iске кiрiсiп қажетi жоқ. Яғни о дүниенің қыр-сыры жайлы: Мәңгілiк өмiр сүру жайлы Аллахтың сырын ашам деген сияқтыны зерттеп бостан-бос күнә арқалаудың керегi жоқ! Мысалы Челленджер ғарыш кемесiн жасап осы арқылы Алланың сырын ашам деп қатты күпiрлiкке барған! Ақыр аяғы не болды кеменің күлi көкке көкке ұшты. Титаник кемесiн жасап енді бұған Алланың да әлi келмейдi деп кемесiнен түкте қалған жоқ. Осындай нәрселерді зерттеймiн деп жаңағыдай жағдайлар болмаса болғаны.
...