+1 дауыс
386 көрілді
Мен, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің 13 бала тәрбиелеп отырған жас анамын ! Көп балалы ана ретінде 10478 теңге жәрдемақы аламын. Жақында теледидардан Заң және біз атты бағдарламадан көріп қалғаным 10478 теңге жәрдемақысы 7балалы отбасына беріледі екен, ал 7ден жоғары болса 14700 теңгедей төленеді екен. Сонда қалай болғаны менен жергілікті мекеме мемлекетіміздің біздерге арналған жәрдемақымызды, несібемізді жеп отырғаны ма? Жауап береді деген үміттемін. Алдын ала рахемт!!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңынының 9-бабына  сәйкес балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады. Мүмкін сіздің балаларыңыз 18-ден асып кеткен болуы керек менің түсінуімше. Осы заңның 10-бабы бойынша жәрдемақылар мөлшері балаларға арналған жәрдемақы - әр балаға ай сайын (18-ден аспаған) 1 айлық есептік көрсеткіште төленеді (МРП, яғни айлық есептiк көрсеткiш – 1 731 теңгеге тең, 2014 жылы ол Бюджеттік кодекске сай өзгереді). 

Бұдан өзге Қазалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 шілдедегі N 126 шешiмiмен бекiтiлген       Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ҚАҒИДАСЫ бар. Соған сәйкес көп балалы отбасыларға, атап айтқанда:
      "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар 
      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін

әлеуметтік көмек алушылар санатына тізбесіне кіресіз. Сол бойынша бірқатар әлеуметтік көмектер ұсынылуы мүмкін.

 

 

...