+1 дауыс
1.0k көрілді

ҰБТ жайлы қызық мәліметтер айта аласыздар ма? Статистикалық болсын, шын өмірден алынған күлдіргі жағдайлар болса да?

Мысалға: 

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Министрдің мектеп түлектері алдында сөйлеген сөзінен:
Құрметті мектеп бітірушілер! Сіздер жаңа өмірге алғашқы қадамды басқалы тұрсыздар. Қане, бір қадам алға жүріңіздерші... Ия, ия, қандай керемет! Жаңа өмірдің алғашқы қадамын өкше қисайтпай басу үшін ҰБТ –дан тест тапсыруды бастайсыздар!
Қорықпаңыздар, тестті өзім прақтап шықтым. «Роза Рымбаева қандай көйлек киеді?», «Шыңғысханның «джипі» болған ба?» сияқты сұмырай сұрақтар жоқ. Бәрі мектеп бағдарламасынан алынды. Бәрі сіздерге таныс сұрақтар. Несіне қорқасыздар? Қорықпаңыздар, жүректеріңіз шайлығып қалады... Сіздер үшін барлық жағдайды жасап отырмыз! Мәселен, аранайы шпаргалка үлестіретін бөлме жұмыс істейді. Бірақ есігі жабық, құлыптап тасталынған. Қиын сұрақтарға жауап алу үшін ұялы телефондарыңызды алып кіре беріңіздер. Тек батерейкасын күзетшіге өткізсеңіздер болды, кеңінен пайдалана беріңіздер. Қысылмаңыздар. ҰБТ—сіздердің болашақтарыңыз! Биыл қыздардың іш киімдерін ешкім тексермейтін болады. Тек рентгеннен өтесіздер... Тест арасында ет асылып, тегін сорпа ішесіздер.Ақшасын төлеп әуре болмаңыздар. Әке -шешелеріңіз кассаға он мыңнан төлесе болды.
Құрметті жас түлектер! ҰБТ-дан қорықпаңыздар! Әне бір бала неге селкілдеп отыр? Алдын-ала жылап отырған қызға түсіндіріңіздер, ҰБТ—бөжи емес қой. Немесе, вампир емес! Биылғы жылы 155 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу орындарында 100 мыңдай мектеп бітіруші өз миларының қалай жұмыс істейтінін анықтайтын болады. Ақылды баса па, жоқ «тормоз..» бас па? Ақылды бастар көбейсін! Қалтырамаңыздар деймін... Күн жылы ғой...
Министрдің дәл осылай сөйлемеген сөзін жазып алған:
Қорыққан ҚАЛТЫРАҒАНҰЛЫ
...