+1 дауыс
37.9k көрілді

Сабақ, мектеп, студенттер, оқу орындары жайлы әзілдер, күлдіргі өлеңдер білесіздер ме? Әзілдер жазсаңыздар тек ең үздік деп санағандарыңызды жазсаңыздар?

Мысалға:

Мына жерде тағы да бар.

Ректор - шет елден келген тағдырымызды шешетін адам 
Декан - жердегі құдай 
Студент - мәдениетті қайыршы 
Сессия - жанталас,мазасыз маусым, арпалыс кезең 
Шпор - жедел-жәрдем 
Емтихан - бақтың, бастың сыналар кезі, степендия үшін күрес 
Лекция - ақ парақ, қаламмен табысатын, көз шырымын алатын уақыт 
Дұйсенбі - азапты күн 
Жексенбі - ең ұлы күн 
қара нан - тағамның киелісі 
Макарон - студенттің ұлттық тағамы 
Жатақана - мәдениетті қайыршылардың ордасы 
Комната - төрт қабырғалы кең сарай 
Парта - естелік, қолтаңба қалдыратын тақта, анда-санда жастық болатын жабдық 
Би кеші - мөлдір махаббат 
Курстық жұмыс - жекпе-жек 
Кафедра - боранды бекет 
Аудитория - өмір мектебі 
Семинар - сын-сағат, бұғумен өткен өмір 
Бақылау жұмысы –100 теңгең болғанша, 100 досың болсын 
Отработка - кездескен деген осы 
Соңғы парта - жұмақтың төрі 
Степендия - ұзаққа бармайтын қуаныш, аспаннан шұға жауған күн 
Студенттік күндер - махаббат қызық мол жылдар

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Студенттік әзіл

О, бәтеңкем, қара жорға тұлпарым,
Көп жүрістен жұқарыпты-ау ұлтаның.
Күні бойы жортасың ғой, көтеріп,
Еркетотай аяқтардың бұлтаңын.
Тақаларың көрінетін бұрын дәу,
Тозғандық па?
Басылады қырындау.
«Чарльстон» мен «Липси» деп жүргенде,
Тас еденге ыдырынып ұрылды-ау.
Осы сенің келіп тұрар кезегің,
«Жүдей» қалсаң, табылады тез емің.
Шөткіменен сауырыңнан бір сипап,
Тас көшені зыр жүгіріп кеземін.
Өзімше бір алмақшы боп ой түйіп,
(Ләззатқа шымырлайды-ау, бой күйіп).
Сауық кешке, театр мен киноға,
Күнде барам тобықтарым тойтиып.
Алдымда тұр сынақ деген алып шың,
Зейін қойып оқып жатыр халық шын.
Түк білмейтін студентке ұқсап сен,
Маған қарап «аузыңды ашып» қалыпсың.

 

))))))) Қайдан алдыңыз?
ой ссылка жазуға ұмытып кетіппін...
+1 дауыс
Мемлекеттік комиссия мүшесі диплом тапсырып тұрып:
-Пықып Асабасұлы, сіз қызметке сонау түкпірдегі "Шағыл" атты кұмды ауылға баратын болдыңыз,-десе студент:
-Мүмкін емес, деканымыз ылғи маған "Мына оқуыңмен алысқа бармайсың" деуші еді.
+1 дауыс
Студент экзаменге келіпті.Мұғалімнің столына бір коробка конфет қойыпты.Мұғалім:
-Жақсы үш
Студент бір коробка торт шығарғанда.Мұғалім:
-Жақсы төрт
Содан кейін студент қымбат бір қалам шығарғанда:
-жақсы бес, зачеткаңызды беріңіз -депті де, сол ручка мен бағасын қойып беріпті.Студент стөлге қойған барлық затты қайтып жинап алып:
-Жақсы, енді барып физикамды қойдырып, алайын-деп кетіп қалыпты.

*

Емтихан.Үш талапкер тарих пәнінен емтихан тапсырып отыр. Біріншісі өгіз беріп қойған, екіншісі қой берген, үшіншісінің ештемесі жоқ.
Біріншісіне:
- Алғашқы атом бомбасы кай елде жарылды?
-Жапонияда
-Бес!
Екіншісіне:
-Алгашкы атом бомбасы қай елде жарылды?
-Жапонияда .
-Қай жылы?
-1945 жылы
-Бес!
Үшіншісіне:
-...Қай қалада?
-Хиросима.
-Өлгені қанша?
-Екі жүз тоқсан төрт мың.
-Өлгендердің атын атап шық...
0 дауыс
Мектебің мынау, класың,
•Он бір жыл күнде тұрасың.☝
•Сенен ешкім сұрамайд,
•Ұнамасын, ұнасын.
•Оқушы боп кіресің,
•Жексұрын боп шығасың.
•Мектебің мынау апайың,
•Одан қалай асайын.
•Біліп қояд бəрібір,
•Сабақтан десең қашайын.
•Емтихан болған кездерде,
•Оған сыйлық жасайын.
•Мектебің мынау достарың,
•Қосылар əркез бастарың.
•Пирожки алсаң берші деп,
•Қалдырар сені аш қарын.
•Мектебің мынау парталар,
•Сызылған беті, шайқалар.
•I love you деп жазасың,❤
•Сүйгеніме айта бар.
•Мектебің мынау қыздарың,
•Басқалардан қызғандың.
•Соларға бірден көрінед
•Класста тəртіп бұзғаның.
•Мектебің мынау дəптерің,
•Келмейді оны ап кегің.
•Алты пəн болса бір күнде,
•Бір ғана общий ап келдің
•Мектебің мынау директор,
•Құлағыңнан сүйреп тұр.
•Шақыртып əке шешеңді,
•Төбеңнен төніп билеп тұр.
•Ех мектебім, мектебім,
•Қадіріңе жетпедім.
•Жылдар сайын білінед,
•Сенен ұзап кеткенім.
•Еске алам кей кейде,
•Ашып дəптер беттерін.
•Əзіл ғой бəрі əрине,
•Сенің арқаң деп білем,
•Осы күнге жеткенім
...